Құқықтық сауаттылық
2023 жылдың 8 желтоқсанында Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев “Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс- қимыл жоспары туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Жоспарда ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін ілгерілету, адамның қылмыстық сот төрелігі, азаптаулардың жазасы мен алдын алу және қатыгез қарым-қатынас саласындағы құқықтары, кәсіпкерлік қызметтегі адам құқықтары т.с.с міндеттер көрсетілген. Осындай жаңа заң немесе ондағы өзгертулермен толықтыруларды бақылап және оларды қаншалықты игеруге тырысасыз? Жалпы қазақстандықтар құқықтық жағынан қаншалықты сауатты? Алдымен құқықтық сауаттылық дегеніміз не содан бастайық. Құқықтық сауаттылық-бұл құқықтың негізгі принциптері мен нормаларын, сондай-ақ оларды іс жүзінде қолдана білуді білдіретін ұғым. Әлемде құқықтық сау…