ЖАСТАР ЖЫЛЫ: ЖАСТАРҒА АРТЫЛҒАН СЕНІМ
Алматы технологиялық университетінде Алматы қаласы жастар ұйымдарының төрағалары мен белсенді мүшелері бас қосты. Шара барысында сөз алған университеттің тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Қалтай Батхолдин Елбасы Жолдауын іске асырудың негізгі бағыттарына тоқталып, күн тәртібінде көтерілген ең негізгі мәселе: «2019 жыл – Жастар жылы» болып жарияланғанын мәлімдеді.Кездесуде «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының Алматы қалалық филиалының төрағасы Дулат Қасымов, Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының Жоғары оқу орындарымен жұмыс бөлімінің бас маманы Жұлдыз Жорабек, АТУ «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Арман Жақсылық бандама жасады.Белсенді жастар Жолдаудағы ең маңызды басымдықтарға, оның ішінде жастарға байланысты Елбасы тапсырмаларына ерекш…