Перейти к содержимому
AIKYN

«Айқын»

@AIKYN

На сайте с 1 сентября 2012 г.Казахстан, Алматы

Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің алғашқы саны 2004 жылы 6 наурызда жарық көрді. 2005 жыл газет Президент сыйлығын жеңіп алды. 2006 жылы «Алтын жұлдыз» сыйлығын иемденді. Аптасына 5 рет шығатын күнделікті газеттер арасында «Айқынның» өз орны бар. Аз ғана уақыт ішінде «Айқын» республикадағы белді де беделді басылымға айналып, Қазақстанның бұқаралық ақпарат кеністігінде өз ор…нын тапты. Газеттің әр нөміріндегі мақалалар түрлі сараптамалық шолуларда, пікірталастарда негізгі тақырыпқа айналып, интернет жүйесінде де қайта басылып келеді. Шенеуніктер, менеджерлер, түрлі деңгейдегі кәсіпкерлер өз жұмысын біздің газеттегі жаңалықтарды оқудан бастайды. Республикалық қоғамдық-саяси басылым – «Айқын» газеті қазақ қоғамының мәдени өмірі мен қоғамдық-экономикалық, саяси деңейін көтеруді алдына мақсат етіп қойған. Басылымның бірқатар облыстарда тілшілер қосыны бар. Сондай-ақ Будапешт, Пекин, Ашхабад қалаларында өз тілшілеріміз қызмет етеді. Газеттер бағасы мен таралымы жағынан б

рейтинг

250

постов

116

комменты

2

подписчика

3

подписок

0

Үш жолдама алды

09.11.12.Биылғы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне өзгелерден бұрын жолдама алған үш команда белгілі болды. Олар - Испанияның «Малага», Португалияның «Порту» және Англияның «Манчестер Юнайтед» ұжымдары. Дәл осы клубтардың қатарын Испанияның «Барселонасы» да толтырады деген болжамның күлі көкке ұшты. Шотландияның «Селтик» командасы өз алаңында азуы алты қарыс «Барсаны» 2:1 есебімен ұтып, тосын оқиға тіркеді. Кездесудегі алғашқы голды «Селтик­тің» қатарын өткен жылы толтырған ке­ния­лық шабуылшы Виктор Маньяма соқты. Бұл кезде ойынның 21- минуты өтіп жатқан. Лионель Месси бастаған «Барселона» таразы басын теңестіру үшін неше түрлі айлаға барды. Бірақ алаң иелерінің қорғаныс шебі сыр бермеді. Есесіне кездесудің 83-минутында Глаз­годағы стадион дүр сілкінді. Өйткені Шотландия футболының ж…

0
0
541

ҰЛТ ӨНЕРІ

09.11.12.Сан әуеннің сырын ұққан шебер Қолөнер шебері Төреғали Балманов домбыра жасаумен машықтанады. Шебердің қолынан тек домбыра емес, қазақ даласын әнге бөлейтін алуан түрлі аспаптар да шығады. Олардың қатарында жетіген, дауылпаз, даңғыра, қобыз сынды 10-15 шақты аспап түрі бар. Сан әуеннің сырын ұққан шеберді фотограф болған деп, әсте ойламайсыз. Батыс Қазақстан топырағында дүниеге келген ол, қолөнерге келмес бұрын талай асуды артта қалдырыпты. Бірнеше мамандыққа да қызыққан. Нәтижесінде, қолөнерді таңдаған. «Мен алғашқыда фотоөнерге қатты қызықтым. Бала кездегі арманым - мықты фотограф болу еді. Өзімнің фотоаппаратым да болған. Бірақ барлығы өзің ойлағандай бола бермейді ғой. Өсе келе, арманың мен мақсатың басқа арнаға жетелеп кете береді. Міне, осылайша тағдыр айдап, шеберлікті таңд…

0
0
832

Ресей Каринаны мойындады

08.11.12.Ресей эстрадасының танымал әншісі Зара «Мюзикола» тобының әншісі Карина Абдуллинаның әндеріне үлкен қызығушылық танытып отыр. Орыс қызы жақында Санкт-Петербург қаласында өткен жеке шығармашылық кешінде жерлесіміздің бірнеше туын­дысын орындаған. Олардың қатарында «Грусть моя играла на роя­ле», «Колыбельная», «Родная» сынды жаңа әндер бар. Бұл шығармалар Зараның «В тём­ных глазах твоих» атты жаңа альбомына да енген. Тағы бір айта кетерлігі, Зара өз концертінде Каринаны арнайы ортаға шығарып, көпшілік алдында әндерінің авторы ретінде ресми түрде таныстырып, үлкен қошемет көрсетіпті. Бүгінгі таңда әнші өз репертуарына «ақ көйлекті арудың» он шақты әнін енгізіп үлгеріпті. Қазіргі уақытта қос ару «Три желания» әнін әрлету үстінде екен. Шығармашылық одақ келесі өнімдерінің сәтті шығаты…

0
0
523

Зүлфия Чиншанло елге оралды

30.10.12.«Ауыр атлетикадан Лондон Олимпиадасының жеңімпазы, әлемнің екі дүркін чемпионы 19 жасар Зүлфия Чиншанло Қытайға қайта оралып, алдағы уақытта Аспанасты елінің туы астында өнер көрсететін болыпты» деген сыбыс желдей ескені күні кеше. Айтулы басылымдар «Чиншанло 2016 жылы Рио-де-Жанейрода алауы тұтанатын Олимпиада ойындарында Қытай құрамасы сапында күш сынасуға ниетті. Сол себепті де сол елдің аза­маттығын алу үшін құзырлы органдарға құжаттарын тапсырып қойған» деп жарыса жазды. Онымен қоймай түрлі дәлелдер мен дәйектерді алға тартуға тырысты. Бір сөзбен айтсақ, Зүлфия Чиншанло Қазақстанда қор болып жүр­ген екен. Қытайға оралып, қайта ба­қытты өмір кешуде. Міне, қызық қуып, сенсация іздеген журналистердің бар айтқаны осыған келіп саяды. Жайсыз жаңалықты естіген бетте Ауыр атлетика ф…

0
0
579

Атасын неге атты?

30.10.12.Қазақ қоғамы қатыгезде­ніп барады.Дәл Құрбан айт­тың алдында Қазақстан арналары келеңсіз сұмдық бір оқиғаны көрсетті. Мектепте оқитын немересі атасын атып өлтірді. Қасындағы сыныптас досы пышақ салды. Кездейсоқ емес. Қасақана кісі өлтірді.Күн сайынғы теледидардан осындай жантүршігерлік хабарлар жиі беріледі. Адам жаны ойыншық болып қалғандай. Қазір адам өлтіру шыбын өлтіргеннен де оңай болып кетті. Жойдасыз жағдайға жұртшылықтың бойы да, ойы да үйреніп, тіпті еті өліп кетті. Мына оқиғаны да талайдың «Е, атса атқанда! Қазір кімді кім атпай жатыр?» дегендей немқұрайды қалыпта қабылдағаны рас. Бұ­рын шетелдік кинолардағы атыс-шабысты көріп отырып, мұның бәрінің біздің елге қатысы жоқтай сезінетін едік. Бүгінде сол кинодағының бәрі Қазақстанда айна-қатесіз қайталанып жатыр.Қылмысты к…

0
0
595

Сен бар жерде...

11.10.12.Жаңа телемаусымда «Астана» телеарнасы көпшілікке «Саған сенемін» жобасын ұсынды. Мәңгі бірге болуға серт берген ерлі-зайыптылардың сенімі мен сезімі сынға түсетін жобаның алғашқы қадамдары көңілден шықты. Ер-азаматтар бағдарлама барысында ерлік танытып, жарына деген ақ пейілін көрсетсе, әйелдер қауымы отағасына қалай сенетінін танытады. Замана ағымы сондай ма, әлде көрерменнің қалауы сол ма, кім білсін, әйтеуір қазақ телевизиясына «ойын-сауықтың ордасына айналды» деп, сын айтып, мін тағушылар көп. Күз түскелі отандық телеарналарда дамыл жоқ. Әр телеарна көрерменін баурап алудың тың әдістерін ұсынуда. Әйтеуір қазақ­ша ет дәріптеліп, аналар мен балалар өзара сынға түсіп, шетел асып, өзге ел­дермен спорттық бәсекеде бақ сы­на­сып, көкке қол созған тар­лан­дардың өмірін насихаттау -…

0
0
975

«Барыс» бел ортада

10.10.12.Астананың «Барыс» хоккей клубының ала-құла ойынына әбден үйренісіп алдық. Өткенде қатарынан екі рет жеңіске жетіп, мерейімізді асырған елордалық ұжым осы жолы Ярославльде жергілікті «Локомотивтен» 2:4 есебімен ұтылды, дегенмен «Шығыс» конференциясының турнир кестесінде 7- орнын сақтап қалды. Осы кездесудің алдында Владимир Крикунов жаттықтыратын астаналық хоккейшілер Мәскеу облысында жергілікті «Атлант» командасын 3:1 нәтижесімен жеңіп, үш ұпай олжалаған болатын. Ал оған дейін біз елордалықтардың Астанада «Амур» клубын ұтқанын хабарлағанбыз.«Атлантпен» бәсеке басталмас бұрын Ресей хоккейінің басшылары «Барыстың» бас бапкері Владимир Крикуновқа арнайы сыйлықтарын табыс етті. Ұзақ жылдар бойы бапкерлікпен айналысып келе жат­қан маман осы саладағы 1000-шы бәсеке­сін Астанада «Амурға…

0
0
523

Житкеев орнын босатты

06.10.12.Бұл күнге дейін дзюдодан Қазақстан құрамасының бас бапкері болған Асхат Житкеев күні кеше өз қызметінен кетті. Енді бұл міндет уақытша Жексенбай Саламатовқа жүктелді. Кезінде Житкеев еліміздегі ең белді дзюдошының бірі болды. Жастайынан дара талантымен оқшауланған ол 17 жасында-ақ ұлттық құрама сапына қабылданып, көптеген халықаралық жарыстарда оза шапты. 2001 жылы Қазақстанның дзюдо күресі өкілдері арасынан алғашқы болып әлем чемпионатының жүлдегері атанды. Мюньхенде Асхат қола медальді олжалады. Бірнеше рет Азия чемпионы атанып, Азия ойындарында да қанжығасы майланды. 2008 жылы Бейжіңде алауы тұтанған Олимпиада ойындарында күміс жүлдеге қол жеткізді. Айтулы жарыстан кейін үлкен спортпен қош айтысатынын мәлімдеп, іле-шала ұлттық құрама командамыздың бас бапкері болды. Бұл қызмет…

0
0
435

Зейнолла дос

06.10.12.Біз өзімізді үй ішінің алдында кәдімгідей, кінәлі сезініп, қысылып келгенбіз; сөйтсек, мыналардың бізбен тіпті де ісі болған жоқ: балалы-шағалы үй емес пе, дәнге үймелеген торғайдай, үпір-шүпірлесіп дастарқанның басына отырып жатыр екен. Өздері көңілді. Үлкендер жағы әлде­неге күліп мәз; қарт ана да өзінің күндегі дағдылы орнына жайғасыпты, күлкісін әзер тыйып, ығысып қасынан маған орын беріп жатыр. Үй жалдап бөлек шыға алмағанымыз болмаса, мұндағы өміріміз көңілсіз емес. Есін білмейтін кішкентай балалар басы піспей у-шу боп жататын үйде біздің өзіміздің де күндегі күлкіміз, ойын сауығымыз үзілмейді. Басқа ермек табылмағанда үстімізде лаждап отырған баспананың «шерісін» әр саққа жүгіртеміз. Сол сөз қарт ана аузынан қанша шықса, сонша күлеміз.Бүткіл үйдегі басты дүниенің бірі - ра…

0
0
660