kk
Default banner
Новости
Новости
5 962 постов425 подписчиков
Актуальное и интересное со всего света
0

Жастармен кездесу

Бүгінде жастар саясаты тәуелсіз Қазақстан елінің басты басымды­қтарының бірі болып табылады. Жастарға айрықша көңіл бөлген мемлекет қана саяси және экономикалық табысқа жете алады. Жастардың инновациялық әлеуетін тиімді қолдана білген мемлекет стратегиялық артықшылыққа ие болады. Сондықтан да елімізде жастарды жалпы қоғамдық үдерістерге қосу мақсатында ынталандыру шаралары іске асырылып, олардың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін мемлекеттік деңгейде жағдай жасалуда, деді республикалық партиялық штаб мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Н.Серғалиев жастармен кездесуде.

Сонымен қатар бұл бағыттарға қол жеткізудің бірден бір тетігі - жастардың азаматтық белсенділігі. Әсіресе, осы аптаның соңына белгіленген республикалық референдумға бір адамдай қатысу.

Жастар өз кезегінде дауыс береміз, елдің болашағы біздің қолымызда, сондықтанда өз таңдауымызды жасап, Жаңа Қазақстанды бірге құрамыз деп тілек білдірді.

#ReferendumAmanat