Жаңа мешіт
Шымкентте жаңа мешіт ашылды. Бұл тамаша жаңалық. Қазақстан
мұсылмандары, оңтүстіктегі маңызды қалалардың бірі – Шымкентте, тағы бір әдемі мешітке ие болды.
Қазақстандағы 2716 мешітке, тағы +1.
Бұдан бөлек 9-ға жуық медресе – колледждер де бар. Көктемгі аномалиялық су тасқыны, одан бұрын Алматыдағы жер сілкінісі, мешіттердің халықтың жиналуына таптырмайтын орын екенін көрсетті.
Діни сенім дәрежесіне қарамай, көпқабатты үйде қалғылары келмеген Алматылықтар, мешіттерге жиналды.
Дәл осы мешіттерден, көктемде су тасқынынан зардап шеккендерге, гуманитарлық жүктер жиналып, тасымалданды.
Мешіттер – халқымызды ұйыстыратын маңызды орталықтардың бірі. Бір жерге жиналған, біртұтас ұйымдасқан халықты, басып алу, немесе жаулап алу,мүмкін емес. Және оларға өзіңіздің көз қарасыңызды таңу, тіпті де қиын.
Қазақстан мұсылмандары,халқымыздың бірлігі үшін жан-жақты еңбек етулері қажет. Бірлік – бұл аманат.
Барлық мешіттер әлемдердің Раббысы Аллаһқа тиесілі және тән.
