Yvision.kz
kk
News
News
News
5 922 постов422 подписчика
Актуальное и интересное со всего света
0
09:36, 17 апреля 2024

Тазалық-саулық негізі

“Тазалық-саулық негізі” демекші қоршаған ортаның тазалығына еліміздің әрбір азаматы міндетті.Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы бастау алды.Тазалықты жанына серік еткен ҚазҰУлықтар бұл жайтқа бей-жәй қарамай қалашық ішінде жаппай сенбілік өткізді.Сенбілікте білім ордасының ректоры Жансейіт Қансейітұлы да бой көрсетті.16 факультеттің оқытушы- профессорлар құрамы мен студенттері қатысқан бұл экологиялық акция бір емес бес аптаға созылып,өзіндік тақырып,мақсаттарымен ерекшеленбек.Бірінші аптаның өзінде ақ қалашық ішінде өзгерістер біліне бастады.Нақтырақ айтсақ,қалашық аумағы қоқыстардан тазартылды.

0
1879
0