СҚО-ДА АМАНАТТЫҚТАР МЕКТЕПТЕРДЕГІ ТЕМПЕРАТУРАЛЫҚ РЕЖИМДІ ТЕКСЕРДІ
Шал ақын ауданында "AMANAT" партиясының мүшелері білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарында температуралық режимнің сақталуын бақылауда ұстайды.

"11 нысан тексерілді. Олардың ішінде 8 мектеп, бір орталық аудандық аурухананың емханасы, түзету кабинеті және шағын орталық бар. Дәліздердегі температуралық режим 18-ден 20 градусқа дейін, мекемелердің кабинеттерінде - 20-дан 24 градусқа дейін. Біз барған нысандарда олқылықтар анықталған жоқ", - деді партия аудандық филиалының төрағасы Елена Кузичева.
Өңірлік және аумақтық филиалдардың партиялық бақылау комиссиясының мүшелері осындай мониторингтерді тұрақты жүргізеді. "AMANAT" партиясы жанындағы Қоғамдық кеңестерде температуралық режим мәселелері жеке қаралды.
Өткен жылдың желтоқсан айында Мағжан Жұмабаев атындағы Петропавл IT мектеп-лицейінде температураның айтарлықтай төмендеу жағдайы анықталған. Содан кейін "AMANAT" партиясы облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясы жылу торабындағы сорғыны неғұрлым қуатты сорғыға ауыстыру қажеттігін талап етіп, жағдай дұрысталған.
