Yvision.kz
kk
0
11:43, 17 апреля 2024

Рухани дағдарыс

Қазіргі рухани дағдарыс заманында көптеген ұлттар тарих бетінен ұлт ретінде жоғалып кетудің аз-ақ алдында тұр. Рухани дағдарысқа ұшырататын әдеттер өзіңді тастап жіберу, өмірге деген құлшыныстың жоқтығынан пайда болады. Мысалы: күні бойы телефонға телміріп, күніңнін жартысын төсекте өткізу адамды күйзеліске ұшыратады. Күйзелістің салдары адамды өзін-өзі жоғалтуға алып келеді. Әрбір өзін жоғалтқан адам тұлға болудан қалады. Оның салдарынан бір жан емес, бүкіл ұлт зардабын тартады.

Ұлтты сақтайтын – оның тілі мен діні, тұғыры мықты тарихы, дәстүрі болуында емес пе? Алайда, оны сақтап, халықтың санасында бекем ұстау жолындағы тартыс мәселесі тарих сахнасынан түскен емес. Бала күнімізден “Қазақпыз, ұлтшыл болу керек” дегендей сөздерді жиі еститінбіз. “Қазақ” деген сөздің астарында намысты, жігерлі болу, қайтпас қайсарлық, елге деген махаббат, дінге деген құрмет, рухани байлық, т.б. сол сияқты қасиеттер ойға қонады. Қазақ елі бұрыннан рухани дамуға қатты мән берген. Ал қазір рухани дағдарысқа тап болған секілдіміз. Ұлттық болмысынан ажырап, ұлттық мінез, ар-ұят дегенді ұмыттық. Интернет желісінде ойына келген дүниелерді жариялап, ер балалар әйел кейпінде жыныстарын ауыстырып ұят дегенді ұмытты. Қазақ қалай рухани азбайды. Өнер деп ойына келгенін жасап, сапасыз, мән-мағынасыз әзілдерді өнерге бағалайды. Өнер деген сөздің қасиетінен айырылды. Адалдық, адамгершіліктік ұмытқан секілдіміз. Қазақ деген ел аштықта да, жоқтықта да ар-намысын сатпай, “өлімнен ұят күшті” деп өскен халық емес пе еді?...


Жаманбай Маржан,

ҚазҰУ-дың 3 курс студенті.

Жетекшісі: Н.Б. Рушанова, аға оқытушы

0
140
0