Ыбырай мұрасы (3)
Зерттеуші әрі ыбырайтанушы С. Оспанов подкаст шығарылымында бірегей тарихи олжамен бөлісті. Мәскеу архивтерінен кейін Қазақстанға қайтарылған маңызды құжаттар табылған.Солардың қатарында 1859 жылы шығыстанушы В. Григорьевтің жас Ыбырай Алтынсаринге жазған хаты бар. Бұл хат ағартушының архив тарихы бұрын ойлағаннан әлдеқайда ертерек басталғанын дәлелдейді. Онда В. Григорьев жас жігіттің қабілетін жоғары бағалап, оның білім жолындағы бастамаларын қолдаған.Жауап хатында Ыбырай Алтынсарин ғалымға көрсеткен қамқорлығы үшін зор құрметпен алғыс білдірген. Ол өзіне қамқор болған ұстазына әрдайым ризашылықпен қарайтынын айтып, оны «өз атасындай жақсы көретінін» жазған. Бұл олардың арасындағы ерекше жылылық пен шынайы сыйластықты айқын көрсетеді.
Исследователь и ибраевед С. Оспанов в выпуске подкаста поделился уникальной находкой. В московских архивах были обнаружены важные документы, которые впоследствии вернули в Казахстан.Среди них — письмо 1859 года от востоковеда В. Григорьева к молодому Ибраю Алтынсарину. Это послание доказывает, что история архива просветителя началась значительно раньше, чем считалось. В нём В. Григорьев высоко оценивал способности юноши и поддерживал его образовательные начинания. В ответном письме Ибрай Алтынсарин с глубоким уважением благодарил учёного за заботу. Он отметил, что всегда будет признателен наставнику и любит его «как родного дедушку», что подчёркивает особую теплоту и искренность их отношений.
