Перейти к содержимому
Обложка сообщества Новости

ОРАЛДА «TEÑ QOĞAM» ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Орал қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты «Teṅ qoḡam» әлеуметтік қолдау орталығы «Бір терезе» қағидасы негізінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік, құқықтық, жұмысқа орналасу, өз ісін бастауда кәсіпкерлікке баулу, тұрмыстық және әлеуметтік дағдыларды үйрету қызметтерін жүзеге асырып, мүгедектерге қолайлы орта қалыптастыру мақсатында әр бағыт бойынша мамандар кеңес береді.

Республика бойынша біздің өңірде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған үшінші қолдау орталығы саналатын нысанның ашылуына қала әкімі Абат Шыныбеков, қала әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев, "БҚО мүгедектері ерікті қоғамы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жұмажан Қожжанов қатысып, қамкөңіл жандарға ұсынылатын қызмет барысы, тең мүмкіндіктермен танысты.

⁃ Мемлекет басшысы қоғамда барлық азаматтарға қолайлы жағдай, жайлы инфрақұрылым жасақтап, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға мемлекеттің қолдауын көрсететін қадамдар жасалуы қажет екендігін баса айтса, Оралда мүмкіндігі шектеулі жандардың сұранысын қанағаттандыратын айғақтың бірі - "Тең қоғам" орталығының ашылуымен байланысты,- дейді Абат Абайұлы.

Толығырақ Фейсбук және Инстаграм параұшаларымыздан біле аласыздар:

https://www.instagram.com/nurotan_bqo/

https://www.facebook.com/nurotanbko

0
0
222

Еще по теме

ОРАЛДА «TEÑ QOĞAM» ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ - Yvision.kz