Перейти к содержимому
Обложка сообщества Новости

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін ZOOM платформасы арқылы «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы экономика және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі қоғамдық Кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Кеңес отырысының күн тәртібіндегі: 1. «Бастау бизнес» жобасы аясында жастарды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту; 2. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, кадрларды қайта даярлау бағдарламасының тиімді жүзеге асырылуы; 3. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында мемлекеттік гранттар бөлу.

Жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін жыл сайын 600 мемлекеттік грант, 1 мың бағдарлама қатысушысына шағын несие бөлу тақырыптары бойынша жауапты мекемелердің ақпараттары тыңдалып, Кеңес мүшелерімен талқыланды.

Кеңес отырысын қорытындылаған төраға Ф.Бахтиозин жауапты мекемелерге бірқатар ортақ ұсынымдарды айтты.

1
0
176

Еще по теме

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ - Yvision.kz