Перейти к содержимому
Обложка сообщества Общество

ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ КАРТАСЫНА ЖҮГІНІҢІЗ!

Алматы облысында ағымдағы жылдың 06 наурызынан бастап Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің жанында «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы іске қосылған.

Бұл жобаның тұжырымдамасы - бюджет қаражатының әр тиынын тиімді пайдалану және қоғамдық бақылау мүмкіндігін қамтамасыз ету. Мысалы, егер Алматы облысының аумағында жолдар сапасыз жөндеуден өтсе, әлеуметтік нысандардың құрылыс-монтаждау жұмыстары сапасыз болса, онда әрбір азамат аталған жобаның аясында Call-орталығы арқылы, әлеуметтік желілер арқылы өтініштерімен Департаментке жүгіну мүмкіндіктері бар. Яғни, жоба негізінде облыс тұрғындары кез-келген мәселелерімен Департаментке хабарласа алады.

Өтініштер мазмұнына қарай тиісті органдарға (мекемелерге) жолданып, Департамент қадағалауымен қарастырылады.

Call-орталығының номері: 8 (7282) 24 11 91;

WhatsApp: 8 707 826 65 70;

Твиттер: 8 707 826 65 70;

Instagram: department_gossluzhby_almobl

0
0
682

Еще по теме

ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ КАРТАСЫНА ЖҮГІНІҢІЗ! - Yvision.kz