МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ САНАТ ҮШІН АҚЫ ТӨЛЕНЕДІ
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігі мен "SENIM"Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы" РҚБ арасында 2020-2022 жылдарға арналған Салалық келісімге қосымша келісімге қол қойылды, онда біліктілік санаттарын беру туралы бұрын берілген куәліктердің қолданылу мерзімінің аяқталуына қарамастан, бұрын берілген біліктілік санаттарын (жоғары, бірінші, екінші) ескере отырып, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін медицина қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларын есептеуді қамтамасыз ету туралы ережелер жазылған.

Әлеуметтік серіктестік аясында ҚР ДСМ пен "SENIM" кәсіподағы арасындағы салалық келісімге қосымша келісім тиісті төлемдерді өндіруге мүмкіндік береді.
