Перейти к содержимому
Обложка сообщества Общество

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау

Бұл кезең үміткердің мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін анықтауға мүмкіндік беретін екі бөлек тестілеу кезеңінен тұрады.

Тестілеуді бастамас бұрын үміткер жүйеде осы кезеңнен өту жөніндегі нұсқаулықпен танысады.

Қажет болса үміткер қағазды, қарындашты және калькуляторды қолдана алады.



Үміткер жүйеде өзіне ыңғайлы уақытта белгіленген күн ішінде мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалаудан өтеді. Үміткер тапсырмаларға таңдаған уақытта жеке кабинетте қол жеткізе алады.

Мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау мәтіннің ұсынылған бөлігін зерттеуге және оның мазмұны бойынша жауап нұсқаларының бірін таңдауға арналған 25 тест тапсырмасын қамтиды.

Сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау кестелер, графиктер және диаграммалар түрінде ұсынылған ақпаратты зерттеуге және оның мазмұны бойынша жауап нұсқаларының бірін таңдауға арналған 25 тест тапсырмасын қамтиды.

Әр бағалаудың ұзақтығы 25 минуттан аспайды. Алдын ала нәтижелер тестілеу аяқталғаннан кейін үміткерлердің мониторларында көрсетіледі.

«Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау» конкурс кезеңінен өтудің шекті мәні сұрақтардың жалпы санынан (50 сұрақ) кем дегенде 10 дұрыс жауапты құрайды.

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалаудың қорытынды нәтижелері жеке кабинетінде орналастырылады.

Шекті мәнді еңсерген үміткерлердің нәтижелері прокторға тексеруге жіберіледі. Проктор тексеруден өткенге дейін өтінімнің мәртебесі «Тексеруде» болады.

Проктордың тексеруі мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетінен өткен үміткер талаптарды бұзбағанжағдайда, оның өтінімінің мәртебесі «Тексеруде» дегеннен «Өтті» дегенге ауыстырылады және үміткер конкурстың келесі кезеңіне жіберіледі.

Егер үміткерлердің ешқайсысы мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау кезеңінің шекті мәнін еңсермеген жағдайда, конкурс мәртебесі жүйемен «Аяқталды» болып өзгертіледі және конкурс кезеңдеріне қатысу және конкурсты аяқтау үшін үміткерлердің жоқтығы туралы хабарлама мемлекеттік органның кадр қызметіне жіберіледі.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕСТІЛЕУҢНЕ ДАЙЫНДЫҚ:

Заңнаманы білу

Жеке қасиеттерін бағалау

Ауызша (мәтіндік) тесттер

Сандық тесттер

ProQyzmet.online

0
0
5170

Еще по теме