Ұлболсын емес,енді Қызболсын!
Бұл “Ұлболсын” есім иелеріне арналған жазу. Жалпы барлық әйелдер қауымына, ерлерге де пайдасы көп тиер. Сонымен Қызболсын деген атау қайдан келді? Кинотеатрларға жиі барып жүрген,әсіресе қазақ киноларын көп көретіндер бірден түсінген болар. Киноның аталуы "Менің атым Қызболсын".Оның жанры комедия болғанмен,түйер зат көп деп сенімді айтуға болады.Бұл кино әйелдер мен ерлер арасындағы теңсіздікті айқын көрсете білді. Әртүрлі зұлым көріністер адамды аянышты сезімге шалдығады.
Егер қысқаша айтып кетсек, Әділ атты жас жігіт прокуратурада жұмыс жасайды. Бірақ атына сай емес, лауазымы жоғары чиновниктің тиран ұлын ақтайды.Бір мезетте Әділдің жанына бір әже келеді,оның мүлдем әділ емес екенін айтып, ал жалғасын кинодан қарау керексіздер. Бұл жерде тек" Қарғыз алма, алғыс ал! " деген мақалмен көрермендер мен оқырмандарға ой тастасам болады. Бір күні Әділдің өмірі 180°-қа өзгереді. Басқа әлемде басты кейіпкер түрлі қиындықтарға ұшырайды. Әйелдердің орнында болған Әділ, өз қатесін түсініп, енді оларға басқаша қарайтын болды. Өз келіншегіне ерекше қарап, махаббатын ашық білдірді. Небәрі 80 минуттық, ал ұғынар талай жағдайларды ауқымды түрде көрсеткен кино.
Мақсат Оспанов- басты идеяны жеткізе білген мықты режиссер. Оған қоса, Еламан Есентаев өз рөлін жоғары деңгейде сомдады деп айтсақ қателеспейміз. Әртістер әйелдік ерлер мен батыл әйелдер рөлдерінде жарқырады (әйелдер әсіресе жақсы!) Феминизм көрініс табады. Ол жаман нәрсе емес. Әйелдер ешқандай ер азаматтың құқығын бұзғысы келмейді, жай ғана құқықтарының тең болғанын қалайды, түсініңіздер!
Сценарийді болса, екі талантты әйел жазды, Татьяна Пфеффер мен журналист Лена Кигай.Оларға титулды рөл ойнаған Азиз Бейшеналиев көмектескен болатын. Бірігіп олар жеңіл және көңілді, әрі ойы терең оқиғаны жаза алды.
Фильмнің кейбір бөлшектері үрейлі дежавю сезімін тудырады. Оқиғаларды бәрі болмай тұрып, болжаған фильм сценаристерінің көрегендігіне таң қалуға болады. Өйткені, түсірілім кезеңі Салтанат Нүкенованың өлімінен бір-екі ай бұрын аяқталды, ал сценарий, Қуандық Бишімбаевпен бірге өмір сүруді бастаған кезде жазылған. Алайда жалпы алғанда, олар соншалықты бай және болжамды оқиғамен жұмыс істеді. Сондықтан қазақстандық шындықтарға таңқаларлық ештеңе жоқ. Барлығы өмірден алынды...
Киноның сонында, Қазақстанда қанша әйел зорлық-зомбылыққа ұшырайытыны,қаншама ер адамдар әке аттанып, отбасын тастайтыны, алимент төлемейтіні жайлы статистикамен жазылды.Өкінішке орай, біздің қоғамда осындай жағдайлар әр жыл сайын көбейіп бара жатыр.
Негізі "Менің атым Қызболсын" фильм атауының өзінде бәрі түсінікті. Бұл қазақ киносы екені және "Менің атым Қожа" фильмін баса көрсетеді. Демек,бұл фильм біз, біздің қоғам, оны құрайтындар және олардың ойлайтыны туралы. "Қызболсын" (қыз болсын!) — жалпы есімнің кері түрі, "Ұлболсын".Әкесі ұлын күтіп жүргенде, бірақ қыз туып, көңілін қалдырса, туған күні қызға қойылатын есім болып табылады.
Мүмкін алдағы уақытта біз енді Қызболсын деген атты жиі кездестіретін боламыз, кім біледі.Ұзын сөздің қысқасы, әйел адамдарды қадірлейік! Әрбіреуіміз бақытқа лайықпыз!!!
Сулейменова Ясмин
