КЕЗЕКТЕН ТЫС КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
«Nur Otan» партиясы жарғысына сай, онлайн форматында партияның Бөкей ордасы аудандық филиалының кезектен тыс ХХVII конференциясы өтті.

Конференция жұмысына «Nur Otan» партиясының аудандық Саяси кеңесінің мүшелері, аудандық мәслихат хатшысы, ауылдық округ әкімдері, мекеме-ұйым басшылары, бастауыш партия ұйымдарынан ұсынылған делегаттар, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Конференция отырысын филиал төрағасы Нұрлан Сағынтайұлы Рахымжанов төрағалық етті. Күн тәртібінде Бөкей ордасы ауданы бойынша өкілеттік мерзімдерінің аяқталуына байланысты Т.Масин, Саралжын ауылдық округтеріндегі әкім сайлауына «Nur Otan» партиясынан кандидаттарды ұсыну мәселесі қаралды.

Конференцияда күн тәртібіндегі мәселе толығымен қаралып, тиісті қаулы қабылданды. Конференцияның қаулысына сай, Т.Масин ауылдық округінен ауылдық округ әкімінің сайлауына қатысуға Қитанов Меңдібай, Саралжын ауылдық округінен ауылдық округ әкімінің сайлауына қатысуға Кереш Нарынбек Сегізбайұлы ұсынылды.

