Перейти к содержимому
Обложка сообщества Не молчи!

КЕДЕРГІСІЗ ОРТА – КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ

КЕДЕРГІСІЗ ОРТА – КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында «Кедергісіз келешек» партиялық жобасымен ерекше қажеттілігі бар адамдарға жағдай жасау көзделген. «AMANAT» партиясының "Кедергісіз келешек" партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында Сырым ауданында орналасқан бірқатар әлеуметтік нысандарға Ж.Досмұхамедов атындағы ЖББОМ, Аскар Шайхиев атындағы спорт мектебіне, аудандык ауруханаға,Өленті әлеуметтік орталығына, "Балдырған" балабакшасына,Сырым ауданы әкім аппаратына мониторинг жұмыстары жүргізілді. Мониторинг барасында жұмысшы топ өкілдері аталған нысандарды бейімдеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар аудан бойынша ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға арналған әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне мониторинг жүргізуді қоса алғанда, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін инфрақұрылымды жақсарту тиісті бойынша ұсыныстар берілді. Айта кетейік, аудан бойынша 118 әлеуметтік нысан болса, оның мүмкіндігі шектеулі жандарға арналып бейімделгені – 39 нысан, жартылай бейімделгені – 79 нысан.

0
0
220

Еще по теме