Перейти к содержимому
Обложка сообщества Общество

Қазақстан боксшылары әлем чемпионатында 7 алтын жеңіп алды

Англияның Ливерпуль қаласында өткен 2025 жылғы Әлем чемпионаты Қазақстан үшін тарихи жетістікпен аяқталды. Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алып, 7 алтын медаль еншіледі.

Еліміздің намысын қорғаған спортшылардың жеңістері жанкүйерлерді ерекше қуантты. Ерлер арасында Айбек Оралбай (+90 кг), Санжар Тәшкенбай (50 кг), Махмұд Сабырхан (55 кг) және Төрехан Сабырхан (70 кг) қарсыластарына еш мүмкіндік бермей, чемпион атанды.

Әйелдер арасында да отандастарымыз айқын басымдық көрсетті. Алуа Бақылбекова (51 кг), Аида Әбікеева (65 кг) және Наталья Богданова (70 кг) алтын медальді жеңіп алып, Қазақстан қоржынын байытты.

Осылайша, Қазақстан құрамасы 7 алтын медаль жеңіп, әлемдік аренада өзінің мықты бокс мектебі бар екенін тағы бір дәлелдеді. Бұл жетістік қазақ боксының жаңа буын спортшыларының әлеуетін айқын көрсетіп, ел тарихында ерекше белес болып қалмақ.

1
0
2856

Еще по теме