Перейти к содержимому
Обложка сообщества Общество

Қайша Керейдің «Қайдасың, қазағым?» ютуб жобасы жарыққа шықты

Жақында Алматыда қазақтың еңбекқор қызы Қайша Керейдің «Қайдасың, қазағым?» атты жүректегі қазағына, бауырына деген махаббатты оятатын ерекше туындысының жабық көрсетілімі өтті.

YouTube-қа шыққан бұл деректі фильмнің басты кейіпкері — еліміздің мақтанышы, Қазақстанға таэквондо спортын алғаш алып келген аңыз тұлға Мұстафа Өзтүрік туралы екен.

Фильмге Германиядан арнайы Мұстафа Өзтүріктің қызы Неслихан ханымның келуі бәрімізге ерекше әсер қалдырды. Өз көзімізбен аңыз адамды жалғап тұрған ұрпағын көру — үлкен қуаныш болды.

Ең таңқаларлығы — фильм ешқандай демеушісіз, Қайша ханымның өз қаражатымен, «қазағым көрсін» деген таза ниетпен түсірілуі. Еліне, жеріне деген беріктігін, жүректегі шынайы махаббатын осы ісінен анық көрдік.

Неслихан ханым қазақ тілін толық білмесе де, соңына дейін қазақша сөйлеуге тырысып,

«Мен қазаққа тие алмасам да, қыздарым қазақтың жігітіне тұрмысқа шығады деп ойлаймын…» деп еліне деген сағынышын, халқымызға деген құрметін өте әсерлі жеткізді.

Шынымен, көргенде арманда, көрмегенде арманда дейтін туынды екен. Ұлтқа қызмет етудің, ұлы тұлғаларды ұмытпау мен құрметтеудің нағыз үлгісін көрсететін фильм.

Жүректен шыққан еңбегіңіз халық жүрегінен орын ала берсін.

#деректіфильм

#мұстафаөзтүрік

#қазақтыңқайсарқызы

0
0
4132

Еще по теме

Қайша Керейдің «Қайдасың, қазағым?» ютуб жобасы жарыққа шықты - Yvision.kz