kk
0

Ислам - қазақтың Ата Діні.

Қазақтың тарихын зерттеу (бұл жерде - нақты, шынайы тарихы туралы) – «көкіректегі сыздаған арман еді» - деп жазады Мұқаң, Мағауин.

«Қобыз сарыны», «Алдаспан», «Аласапыран», «Қазақ тарихының әліппесі», төрт томдық «Шыңғыс хан», «Алтын Орда» - Мағауинның ғаламат көркем тарихи гексологиясы.

Қазақ тарихы, өмір сүру тәсілімізге байланысты, көбінесе материалдық тарих емес - руханият тарихы. Руханият ғаламат үштіктен тұрады – Тіл, Діл, Дін. Қазақи болмысымызды құрайтын осы үшеуі. Біреуі болмаса – сен толық қазақ емессін, жартылайсын, жетімсін, Мұқаң айтқандай - Жармақсын.

Қазақтың бүкіл пәлсапасы – осы үшеуінің қосындысы.

Аталарымыз тәңіршіл көзқарасын далалық, сопылық Исламға ауыстырғанда, екіншісі біріншісін жоғалтпады, бауырына салды, толықтырды.

Қазақ үшін Исламда ең маңыздысы – Иман. "Иман" деген қазақ үшін – адамгершілік, әділділік, мейірімділік, басқа да адами қасиеттер. Менің әкем мен анам үшін адамның жаманы – имансыз, әйкәпір. Фәни мен Бақида да адамға керегі – Иман, сондықтан қайтқан адамға басты тілек-дұға: Иманы жолдас болсын.

Имани жол туралы Шәкерім Қажының (қашанда мен өскен Шыңғыс елінде атын ешкім атамайтын, тек «Қажы» дейтін) «Үш анығынан» артық айта алмаспын, сондықтан бұл жерде доғарайын.

Ислам – қазақ руханиятының бөлігі болғандықтан сөз қорымызда араби, ислами сөздер көп. Ескі қазақ лұғатымен (сөздік қорымен) мен бала кезімде «Батырлар Жыры» мен Тұрмағамбеттің «Рүстем Дастанынан» таныстым, онда - Алла, Һақ тағалла, иман, Құран, Інжіл, шариғат, дұға, шадияр, кәлам, , арсы-күрсі, лаухыл, нәубат, қадір, сабыр, пейіл, несіп, шарип (қасиетті орын), шаһид - толық жатқан керемет (карамат) сөздер /бұл сөздерсіз қазақ руханиятын, қазақ тілін елестетуге болама?/.

Төлегенді іздеуге шыққан Сансызбайға әкесі Базарбай былай деп бата береді: «Бақытың ашқын баламның, Жаратқан Алла бір Құдай. Падишасы сен Құдая, Он сегіз мың ғаламның! Ғарыш пене Күрсінің, Лаух пенен Ғаламның, Жаратқан Алла жар болып, Бақытын ашқын баламның! Балама менің рахым қыл, Қадыр Алла, Құдайым! Құрметі үшін Қаламның / Қызыр Илияс, Мұқамбет, Балама менің назар сал! Адасса жолдан жаңылып, Түра бастап жолға сал! Жазатайым сүрінсе, Ғаус-Қияс қырық шілтен Баһаутдин қолына ал! Жарандар, медет қыла гөр, Сендерсіз менде жоқ дүр хал! Бір өзіңе аманат, Тапсырдым, мынау баламды, Жаратқан Тәңірім, Зүлжәлел!.. Жолың болсын, бар балам, Тапсырдым сені Аллаға! Екінші және тапсырдым, Хәйір шафқатты бабама»!

Қазақтың жыры - толып тұрған арабизмдер.

Сол кезде болса керек орысша Тахауи Ахтановтың, аты «Индийская повесть» ғой дейім, орыс тіліндегі трэвел кітабын оқыдым. Онда ол «сказочная, далекая Индияға» сапар шегіп, үнді тілі мен қазақ тілі өте ұқсас екен, оларда да «рухани мәдениет» деген тіркес бар деп таң қалады. Кейін білдім, таң қалатын түгі жоқ, бір өркениет аясы, Ұлы Мұғалдар апарған тіл.

Содан ізденіп оқып, танып білдім: мәдениет, ақыл, тәрбие, тағылым, әдеп, намыс, иман, рухани, тәртіп, мұғалім, ұстаз, шәкірт, мектеп, кітап, қалам, дәріс, уақыт, ғұмыр, ғасыр, мемлекет - бәрі «ғарабизмдер» екен. Жақында осы туралы досым Әбекеңе айтып едім, ол басында бұлқан-талқан болып, артынан мойындады. Мойындамасқа шара жоқ. Тұрмысқа емес, шаруашылыққа емес, аңшылыққа емес – рухани, ішкі дүниеге, интеллект-ке байланысты сөздер басы бүтін - шығыс, араб-парсы өркениетінен келген.

Әрбір қазақ үшін қасиетті, киелі ұғым – Әруақ, араб тілінің روح /ruh/ сөзінің көпше түрі. Кейде көне түркі сөзі араб тілімен синтездесіп, қосылып бір ұғым береді - Құт-Береке. Екінші бөлігі – арабтың «баракасы», ескі қазақша «барақат».

Алланың қазақша атауы – Тәңір, бұл басқа Құдай емес (Құдай-Бір), Жаратушының құрани доктриналды мағыналы атауы /кораническое доктринальное имя/.

Адат пен Шариғат – санамыздағы қос ұғым. Біріншісі арабтың أدات adaat-ынан /«обычай»/ - осыдан біздің «әдет». Бәлкім, тілімізге исламнан бұрын енген. Ханафи мазхаб бойынша әрбір ұлттың ескі әдеті шариғатпен бірге жүре алады, екеуі - тату, тең. Ескі әдеттер – арабша «гурф», «әдет-ғұрып» осыдан болса керек. Қазақ жеке Орда тігіп қазақ болғаннан бері Адаты мен Шариғатын бірге алып жүрді.

Бірегей Қазақ Исламын зерттеуші Назира Нұртазинаның айтуы бойынша «слово «жарғы» /Жеті Жарғы/ является фонетическим искажением исламского термина «шарғ» (Арабско-русский словарь Баранова, Москва, 1977, с. 400), который переводится как «религиозный закон», «шариат» Как известно, фрагменты Жеты Жаргы дошли до нас только через русских комментаторов. Слово «шарғы» (а не «жарғы») в смысле исламского закона-шариата употреблено Абаем Кунанбаевым в 38-м слове его «Слов назидания».

Сонымен, мое любимое ордынское слово «ярлык», известное из переводов юного Чокана по просьбе Березина указов моего любимого ордынского хана Тохтамыша – оказалось арабизмом. Но я не огорчаюсь...

Іздей берсен, арғы-бергі тарихымыз, тіліміз, руханиятымыз – Исламға толы. Одан қашып құтылып тәңіршіл қазақ бола алмаймыз. Ата Дінімізді сүйейік, әспеттейік, құрметейік.

Шын сауат әліпті таяқ екенің айқындаумен шектелмейді, тағылымы мол тереңнен тартқан зерттеулер керек, - дейді Мұқаң, Мағауин.

Менің жазғандарым зерттеу емес, тану, байыптау. Осыны ұмытпаңыздар. Қателерім болса, көрсетіп жіберіңдер.

Ескі қазақты бейнелейтін суреттерді жақсы көрем. Жүздері иманға толы. Жұма құтты болсын!