Yvision.kz
kk
Кино
Кино
1 044 постов412 подписчиков
Все о кино: обзоры, мнения, рецензии, новинки.
0
12:07, 26 апреля 2024

Гүлнұр Мамасарипова: Балаларға арналған кино түсіремін

Кино өнердің бір саласы, кинематографиялық техниканың негізінде қалыптасқан көркем шығармашылықтың бір түрі.

Кинотеатрдағы лық толы залдар, жаңа жанрдағы фильмнің прокатқа шығуы және көрермен сұранысының көптігі қазіргі қазақ киносының дамуына ықпал ететін тетіктердің бірі.

Кино саласының майталмандары көрермендерін тәнті етуге құмар. Байқасақ, соңғы уақытта отандық киноөнімге көрерменнің тұрақты көзқарасы қалыптасқанын аңғарамыз.

Оның бәрі фигня”: Продюсер Гүлнұр Мамасарипова отбасылық құндылықтар туралы  тренингтерге қарсы шықты - kaz.caravan.kz

Қазіргі кейбір отандық кино прокатқа шықпай тұрып тизерімен-ақ кө­­рерменін жинап үлгереді. Сұраныстың арқасында бірнеше отандық комедияның екінші бөлімі де түсірілімін аяқтап, көрерменімен қайта қауышып жатыр. Әлі күнге дейін кинотеатр экранына шық­қан қалжыңы көп комедияның сейілмей, керісінше көбеюі сұраныстың артқанынан болар, бәлкім. Қазақстанда комедия жанрындағы кино әдетте ең көп касса жинайды. Ауқымды қаражат тапқан фильмдердің үштігінде комедия жанрындағы өнім көп. Бір жағынан комедия – прокатқа берілетін ең ұзақ жанр. Мазмұны жағынан ұқсас келсе де, көрерменге бір ой тастағысы келетін киноөнімдер кинотеатрдағы сеанстар­дың қатарын ұлғайтып отыр. Мысалы, дәл қазіргі уақытта кинотеатр сеанста­рының тізімінде тұрған үздіктер қатарында тұсауы енді ғана ке­сілген «Біз екеуміз» киносына билет алған көрермен жетерлік.

Үлкен экранға жол тартқанына бір аптадан енді ғана асса да сеанста адам қарасы қалың. Шындығында, кино әлем бойынша ең қиын саланың бірі. Сондықтан да болар кино түсіру көбінесе, ер адамдардың саласы болып есептеледі. Танымал продюсер, режиссер бәрі - ер адамдар. Десе де Гүлнұр Мамасарипова қазақ кино саласында, біріншіден, мол тәжірибесі бар, ер адамдармен теңдей жобаларды іске асырып жүрген әйел продюсерлердің бірі. Осы ретте, біз танымал продюсермен кино әлемі жайында әңгіме өрбіткен едік.

Қазіргі фильмдердің беталысы қалай? Жалпы, бізде қандай бағыттағы картиналар басым деп ойлайсыз?
– Бүгінде кино саласы алуан түрлі жанрда дамып келеді. Соңғы кездері фильмдердің ішіне, әсіресе драмалар, комедиялар мен триллерлердің арасына аз-аздан хоррор жанрын қосып, жұмыс істеуге тырысып жүргендерді байқадық. Бұл тәжірибе біздің киноиндустрияның өсуі мен дамуы туралы пікір қалыптастырады. Бірақ өсу әдетте, жұмыс барысындағы ауыртпалықтармен қатар жүреді. Біздің көрермендер арасында ең танымал әрі табыс алып келетін ең пайдалы жанр комедия болғандықтан, олардың сұранысқа сай көптігін аңғарамыз.

Ұрыстық, таластық, қырылыстық": Белгілі продюсер Гүлнұр Мамасарипова жеке  өмірінен сыр шертті

«Біз екеуміз» фильмі алғаш үлкен экранға шыққанында аздап жүрексіндім. Себебі, мен осы уақытқа дейін тіпті, тұсаукесер жұма, сенбі күндеріне түссе де ағылып келетін көрерменге үйреніп қалыппын. Шыны керек, алғашқы 2-3 күн кассалық көрсеткіш төмендеу болғаны рас. Сөйтсем, жалпы сол кездерде киноға келетін халық саны азайып кетіпті. Енді, бір шеті еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі болып жатқан табиғи апаттың да әсері болар. Қанша дегенмен, халықта алаңдаушылық басым болды емес пе? Дегенмен, одан кейінгі күндері жағдай тұрақталып, кино жақсы касса алып келіп жатқаны мені қуантты. Киномның көпшіліктің ықыласына ие болғанын билет алуға кезекке тұрған көрермендерден, минут сайын зал лық толы деп келіп жатқан есептерден-ақ көруге болады.

Маған осы фильмді түсіру идеясы келген кезде бірден режиссер Ернар Нұрғалиевқа айттым. Ол бірден қолдады. Осылайша, біз жобаны бастап кеттік.

Гүлнұр Мамасарипова фильмнен түскен қаржыны қайда жұмсайтынын айтты

"Біз екеуміз" қанша уақытта түсірілді? Жалпы, түсірілім барысында орын алған қызықтар мен қиындықтармен бөліссеңіз.

– Бір айдан аса уақытта түсіріп бітірдік. Бұл жобаның тағдыры қызық болды. Әуелі жазда идея келді. Идеяның негізінде кинотеатр желілерімен келіссөз жүргіздік. Өйткені, менің осы уақытқа дейін қандай жобаны жасасам да сапаға мән беріп, бүкіл жан дүниемді салып жасайтынымды білетіндіктен келісімшарт та оңай жасалды. Ал, жалпы түсірілім қыстың нағыз қақаған суық күндеріне сәйкес келгенін жасырмаймын. Дегенмен, "Құдай бізге қарасты" дер едім, ешқандай форс-мажорсыз, барлық жұмыстың сәті келді.

Біз екеуміз (2024) - на сайте сети кинотеатров «Chaplin Cinemas»

Су жаңа туындыңызды халық жанына жақын тұтты. Кейіпкерлері мен олардың кейбір сөздері ел аузынан түспейді. Тіпті, тик-ток желісінде үзінділері тарап кетті. Жалпы, продюсер ретінде бұл киноның ерекшелігі неде деп ойлайсыз?

- Негізі «Біз екеуміз» жобасының мақсаты - қоғамдағы көптеген түйіткілді мәселелерді көрсету, ой салу. Бұл кинода шынайы өмір көрсетілді. Менің ойымша бұл туындының ерекшелігі шынайылығында. Бәрі өмірдегідей. Жалпы, кез келген адам кинодан өзін көргісі келеді ғой. Бәлкім, кейбір әйел өзі ашық түрде мойындағысы келмеуі мүмкін, дегенмен әрбір әйелдің ішінде бір Сандуғаш өмір сүріп жатыр дер едім.

Шынымды айтсам, мен ешқашан "жарнама жасап берші" деп ешқандай да блогердің көмегіне немесе қандай да бір маркетинг құралдарының қызметіне жүгініп көрмеппін. Әйтпесе, пиардың түр-түрін білемін ғой қолданатын болсам. Бірақ, ондай нәрсе менің табиғатыма жат. Кино саласында 20 жылға жуық уақыт жүрмін ғой. Өзімнің аудиториям қалыптасты. Оның барлығы да, әрине қажырлы еңбек пен сенімнің арқасы. Қандай кино түсірсем де көрермен назарсыз қалдырған емес. Құдайға шүкір, мені үнемі қолдайтын адал оқырмандарым мен жақындарым баршылық. Әрине, әрбір жанашырыма алғысым шексіз!

Кино түсіру тек ақша табу емес. Бас-аяғы бар, жұп-жұмыр картинаны өмірге әкелу екінің бірінің қолынан келмейтіні анық. Өйткені, бұл қызығымен қатар қиындығы да қатар жүретін сала.. Әр туынды шыққан сайын, шабыттанасың, толассыз идея келеді. Себебі, кино - ең алдымен шығармашалық.

Эпизод үшін 500 мың теңге сұрайды": Гүлнұр Мамасарипова отандық актерлардың  гонорарын айтты


Алдағы уақытқа қойған мақсаттарыңыз қандай? Жалпы, болашақта көпшілікті қандай киноларман қуантпақсыз?

– Әрине, адам болған соң арман, мақсат деген көп қой. Жоспар да баршылық. Соның бірі - балаларға арналған кино түсіру. Бұрынырақта бір кісі маған: "Егер ерексектерге арнап кино түсірсең бірді-екілі ғана көрермен келеді, ал егер балаларға арнап фильм түсіретін болсаң, бірден бір оқпен екі қоянды атасың" деген болатын. Ешкім баласын киноға жалғыз жібермейтіні белгілі. Мысалы, бір отбасында 5-6 адам болатын болса, онда сеансқа кемінде 3-4 көрермен бірден келеді деген сөз. Біздің қазақ отбасыларының көбісін көп балалы екенін ескеретін болсақ, бұл шешім ұтымды болмақ. Шыны керек, басында бұл сөзге аса қатты мән бермеген екенмін. Кейіннен ойланып қалдым. Жалпы, болашақта балаларға арналған кино түсіріп жатсам таң қалмаңыздар :)


Продюсер Гүлнұр Мамасарипова 10 млн теңге гонорарға лайық актердің кім  екенін атады


P.S. Қазір кино­­­театр­­дағы жағдай дәл осындай қарқынмен жалғасатын болса, әр айда екі-үш жаңа отандық картина жарыққа шығады екен. Қысқасы, көрермен сұранысын қанағаттандыратын, талғамға сай жа­­­салған киноның көбірек шыққанын қол­­­дайтындар көбейсін дейміз. Расымен де, жақында көрерменнің сана­­­сына жаңа деммен кіріп келген «Біз екеуміз» қазақ киносының жаңа қырын көрсетіп берді. Ендеше, отандық өнімді қолдауға асығайық, ағайын!


Сұқбаттасқан: Назира БУРХАНОВА


#ГүлнұрМамасариповапродюсер

#отандықкино

#ГүлнұрМамасарипова

#Бізекеумізфилімі

#Бізекеумізкиносы

#Бізекеуміз


0
465