kk
Default banner
История
192 постов206 подписчиков
Сообщество для любителей истории
0

ЕУРОПАНЫ БИЛЕГЕН БАБАЛАРЫМЫЗ

Өткенде аумалы-төкпелі XIII ғасырда Еділ мен Тан өзендерінің аймағын мекендеген қазақ-қыпшақ қауымының бір бөлігін Орталық Еуропаға, Ұлы Даланың батыс қиыр шебі Мажар (Мадиар, Венгр) жазығына бастап апарған хан Көтен Хан Сүттей ұғлы (1180 - 1241) [орыс жылнамаларында Котян Сутоевич] туралы өткенде жазғанмын.

Көтен Ханның ұрпағы Еуропада өсіп-өнді. Қыздары Еуропа корольдарына тұрмысқа шықты. Бертінгі жиенінің бірі Жетінші Герцог Мальборо Уинстон Черчилль. Бір қызы Жейхан [христиан есімі Ержебет, Елизавета Куманская деген атпен де белгілі] мажар тағында ұлы есейгенше он жылдан артық билеуші-консорт патша болып отырды. Баласы Еуропа және Мадиар (венгр) тарихындағы белгілі король Ладислас IV.

Орта ғасырларда Мажарстан қыпшақтары өздерінің жауынгер мінезі арқасында, Жапонияның самурайлары сияқты, Венгрияның әскери элитасына айналды.

Суреттерде Көтен хан, оның темір сауытты әскері бейнеленген. Үшінші суретте Көтеннің жиен немересі мажар-қыпшақ королі Қыпшақ Ласло [суретші Геза Самоджи].

Төменгі суреттерді сол қыпшақтардың ұрпағы, Қарсақ [Карцаг] қаласының тумасы, Іштуан Қоңырдың жерлесі Шандор Суч-тің фб-парақшасынан көріп қалып, салып отырмын.

Көтен Хан Сұттейұғлы