«Есте қалған, қалмағанның» жалғасы (Қазақстан және әлем, 2016)
Осы тақырыптағы бұрын жарияланған жазбаға жаңа қосымша.

2016: АҚШ президенттік сайлауы.
Обаманың Ақ үйден кеткеннен кейін жұмыссыз қалуы екіталай...(жоғарыда Алматы аялдамаларының бірінде ілініп тұрған хабарландыру суреті көрсетілген). Естеріңізде болса, Ұлыбританияның бұрынғы үкімет басшысы Тони Блэр премьерліктен босағаннан кейін Қазақстан Президентінің кеңесшісі болған, ал Құрама Штаттардың «қазіргі-бұрынғы» басшысы елімізде өзінің шағын бизнесін ашып, нағыз сұранысқа ие әрі қажет іспен айналысуға бел байлаған көрінеді!
Техникалық ақау салдарынан суреттері мен тақырыптары бір-біріне сәйкес келмейтін хабарламалардың тағы бір топтамасы (қазақша түсіндірмелерді өзім жаздым, оқырмандардың басқа әсер алуына, өзгеше ой-пікір қалыптастыруына тыйым салынбайды!):

Вирус ауа ғана емес, әлеуметтік желілер арқылы да таралады ғой

Үкімет отандық туристтерді қорғау іс-шараларын күшейтуде

Шығармашылыққа түрмеде де орын бар

Дарынды жастардан дарынды шенеуніктер шығады

Дарынды жастардың жағдайы жаман емес

Үй жоқ, есесіне астымда өз көлігім бар

Солтүстікке арзан нан алуға аттандық

Дарынды шенеуніктердің дарынды балаларға сыйлығы

Селге қарсы жаңа бөгет

Оқушылардың сенбілікке шыққан сәті

Дрон ба, әлде құс па?

Екі ай бұрын сайланған Эстония президентінің Э.Рахмонға қандай қатысы бар екен?

«Тірі жан» халықаралық қайырымдылық қоры

Астық жинаудың жаңа әдісі

Мысықтың арманы

Бәрі жақсы болады

Күн суытады – құжаттарыңыз бен жұмысқа киетін киіміңізді құрғақ жерде сақтаңыз

Әлем таныған Ангела

Түрмеде орын жоқ па?

Ел болашағы әскерилер емес, оларға алыстан ұқсайтын ғалымдардың қолында.
