Перейти к содержимому
Обложка сообщества Новости

ЕЛГЕ ДЕПУТАТ КЕЛДІ

📰Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәлік Құлшар жұмыс сапарымен ауданымызға келді.

🖍 Сапар Т.Масин, Бисен ауылдарындағы қожалықтардан басталды. Қожалық иелерімен болған кездесуде;

✔ қысқы мал азығының дайындау науқанының жүзеге асу барысы;

✔киік мәселесі сөз болды.

🖍 қожалық иелері:

✔ қуаңшылық жағдайында Үкімет тарапынан көмек берілуі;

✔шекаралас аудандарға ауыл шаруашылығын субсидиялауға арналған арнайы бағдарламаның қажеттігі; ✔полигон жерлерінің аумағын қайта қарап, шаруаларға мүмкіндік беру;

✔ құмды өңірде түз тағысының көбеюі, көршілес облыстарға қарағанда қасқыр аулауға деген шекті лимиттің бірнеше есе аздығы,

✔ Мұратсай көліне келетін судың мөлшерін көбейту және сол арқылы Қопаға су түсіру сынды өзекті мәселелеріне тоқталып, олардың жоғарғы органдар тарапынан шешілуіне ықпалдық танытуын сұрады. 🖍Одан әрі республикалық маңызы бар күре жолдың күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. ✔республикалық жолдың 50-83 шақырымына жөндеу жүргізуші қосалқы мердігер «Қоңыр сервис» ЖШС жұмысымен танысып, жұмыс қарқынын арттыруды тапсырды.

✔ осы жолдың 0-50 шақырымына жол салушы мердігер «Атырау жолдары» ЖШС де жұмысымен танысып, ескертпелерін берді.

🖍Өз кезегінде, Мәлік Құлшар көтерілген мәселелердің орынды екендігін айтып, тиісті органдарға жеткізетіндігін жеткізді.

#орда_ақпараты

#депутат_сапары

1
0
354

Еще по теме

ЕЛГЕ ДЕПУТАТ КЕЛДІ - Yvision.kz