Yvision.kz
kk
Default banner
Общество
Общество
6 756 постов967 подписчиков
Будь в курсе того, что происходит в Казахстане!
0
17:57, 17 апреля 2024

Электронды кітап тиімді ме ?

Қазір мыңдаған таралыммен шығатын кітаптардың шығарлымы едәуір бәсеңдеді . Бұрынғыдай кітапхананың кітап сөрелерінің босауына қарағанда келуші оқырман азайған .

21 ғасырда технологиялардың дамуы цифлық әлемге үлкен жол ашты . Оған қоса күделікті өмірде білімді нығайтатын кітап та жаңа кеңістікке көшті . Электронды кітаптар . Әрине бұл адам баласының өмірін әлде қайда жеңілдетеді. Оған себеп болатын бірнеше фактілер де бар . Қазірде кітаптарды жиі қолданатын смартфон , планшеттер арқылы оқи аламыз. Тіпті электронды кітаптарды тегін жүктеп , оңай сатып та алуға болады. Электронды кітап экологияға , қоршаған ортаны қорғауға көмектеседі. Оған бірден бір себеп қағазды және электр энергиясын тұтынуды азайтуы. . Ең басты жетістіктерінің бірі бұл физикалық тұрғыда көп орын ала қоймауы. Мәселен , кішкентай ғана смартонда талай томдармен жазылған кітап та сиып кетеді . Оқырмандар бірнеше ауыр кітаптардың орнына барлық қажетті кітаптарды сақтайтын бір сморофонды ғана пайдалана алады. Бұдан бөлек тап осы сандық кітаптарды аудио түрінде тыңдауға да болады.

Артықшылықтарына қарамастан, электрондық кітаптар міндетті түрде барлығына сәйкес келе бермейді. Электронды кітап аудиториясы әдетте жас буын мен орта жастағы адамдарды қамтиды.

Көптеген оқырмандар үшін қағаздың иісі, беттердің текстурасын сезіну және кітапті парақтау әрекеті оқу ләззатының ажырамас бөлігі болып табылады. Ал сандық кітап қолға алып оқыған кітаптай әсер қалдырама деген ой туады. Электронды кітапті ұзақ уақыт оқу жалпы адамның көз жанары үшін өте зиян болып табылады. Дегенмен қағаз кітапті оқыған кезде жарықтың жеткіліксіз болмауы да денсаулыққа зиян дер едім. Көп жағдайда электронды кітаптар басып шығарылған аналогтарына қарағанда арзанырақ. Бұл оқуды оқырмандардың кең ауқымына қолжетімді етеді.Электронды кітапті бір уақытта 50 ден аса адам оқи алады. Алайда цифрлық теңсіздік дамушы елдерде маңызды мәселе болып қалуда. Электрондық құрылғылар мен интернетке қол жеткізу қаржылық немесе инфрақұрылымдық шектеулерге байланысты көптеген адамдар үшін қолжетімсіз болып қала береді. Бұл электронды оқырмандарды пайдалана алатындар мен пайдалана алмайтындар арасында алшақтық тудырады. Электрондық кітаптар электронды желіге кіруді қажет етеді, бұл электр қуаты немесе сенімді интернет қосылымы болмаған кезде қиындық тудыруы мүмкін. Қағаз бетіндегі кітаптан артықшылығы – мәтінді әр түрлі енгізуге болады. Мәтінді іздеу, ескертпелер қосу, қаріп өлшемін және экранның артқы жарығын өзгерту сияқты функциялар, бұл әртүрлі типтегі пайдаланушылар үшін оқуды жеңілдетеді. Кейбір адамдар үшін құрылғыдағы хабарландырулар немесе басқа қолданбалар әртүрлі алаңдаушылықтарға байланысты сандық кітапті оқуға зейін қою қиынырақ болуы мүмкін. Қағаз кітаптарды оқу дәстүрі күшті және сапалы басып шығаруға қатты мән беретін Жапонияда кейбір адамдар электронды кітаптардың танымалдылығының артуына байланысты баспа кітаптарына сұраныстың төмендеуіне алаңдаушылық білдірді. Олар мәдени мұраның жоғалуына және басылым сапасының төмендеуіне әкелуі мүмкін деп қауіптенеді. Технологиялар мен интернетке біркелкі емес қол жеткізу себебінен цифрлық теңсіздік проблема болып қала беретін Үндістанда кейбір адамдар тобы, әсіресе ауылдық жерлер мен аз қамтылған отбасылар, гаджет жетіспеушілігіне байланысты электрондық кітаптарға қол жеткізе алмауы мүмкін.

Меніңше дәстүрлі қағаз кітаптары электронды аналогтармен алмастырылмайтын дүние деп санаймын .


Автор : Туреханова Аяжан Ертайқызы

Жетекші: Н.Б.Рушанова, аға оқытушы

undefined

0
245
0