Перейти к содержимому
Обложка сообщества Культура

Деректі фильм

Қазіргі қоғам, өмір, дүние және де ондағы құбылыстар, ғаламдық өзгерістер, адам өмірі, тыныс тіршілігі, құстар, жануарлар және де басқада айтылмаған дүниенің барлығы жайлы мағұлматты ғаламтордан, желіден, газет-журналдан тыс, фильмнен яки айтқанда кинодан аламыз. Санамызда «неліктен?» деген сұрақ туындауы әбден мүмкін. Бұл айтқан тақырыптар негізінде, біреу оны құбылыс ретінде алады, яғни бір ақпарат жеткізу. Ол дегеніміз адам санасына қозғау салатын және салмайтын болып екіге қарастырылады. Себебі кино ғылымы өнер саласынан бөлек, кәсіп түрі болып та есептелінеді. Кино ғылымы жалпылай айтқанда адам баласының көңіл көтеру және де қоғамға ой салу мақсатында шығарылғаны бәрімізге мәлім. Бірақ-та жалғыз бұл екі тұжырымда қалып қойсақ ақпарат жағы әлсірейді. Себебі адам баласы бұл өмірді сүріп жатқандықтан оның күнделікті өмірі сан түрлі ақпараттан құралады. Кейбір киноларда, тіпті өнер туындысы болғанның өзінде, қоғамға мүлде пайда алып келмейтін жанрларлары да түсіріліп жатады, бұл дегеніміз нақ ақиқат. Бірақ та ақпараттардың да өрлеп, газет- журналға бет бұрмай, жаңалықтарға үңілмей ел аузынан жеткізілу жолынан бөлек осы кино өнері қалыптасқан еді. Бұған тағы тереңінен шолу жүргізсек, ең алдымен ақпарат беретін, өмірлік шынайы құбылыстарды, болған оқиғаларды, тарихи танымдарды, қоғамдық санаға қозғау салатын, кино өнерінің ең жоғарғы сатыларынан орын алатын киноның жанры ол- деректі фильм.
Деректі кино бұл кино өнерінің ең жоғарғы саласы, шынайы өмірлік құбылыстарды, әр түрлі оқиғаны, деректерді бейне ретінде баяндайтын кино өнерінің түрі. Деректі фильм кино өнерінің ең алғашқы жанры деп, есептесек болады. Ол ең алғаш Франция мемлекетінде ағайынды Луи Жан мен Огюст Люмерлердің XIX ғасырдың аяғында, 1895 жылы ең алғашқы деректі фильм жанры жарық көрген болатын. Сондағы ең алғашқы деректі фильмдері « Люмьер зауытынан жұмысшылардың шығуы» және «Ла-Сьота вокзалына пойыздың келуі» деген тақырыпта еді. Дегенменен бұл кезде деректі деген атау болмаған еді яғни біріңғай кино деп аталған болатын. «Деректі» термині алғаш рет 1926 жылы Джон Гриерсон кино тарихына енгізген еді. Ол деректі фильмді болған оқиғаның шығармашылық дамуы деп анықтама берді.
Деректі фильм негізінен сұхбаттар, мұрағаттық материалдар және репортаждар арқылы, нақты дәлелдер мен фактілерге сүйене отырып болған оқиғаларды баяндауға бағытталған. Киноға келетін болсақ, ол өз кезегінде көркем әңгімеге, ойдан шығарылған сценарийге, сюжеттерге және де режиссерлік, актерлік шеберлікке тұтастай негізделген. Негізгі айырмашылық мынадай деректі фильм тұрақтылық пен шындықты баяндауға ұмтылса, кинода фантастикалық құбылыс, монтаж өнерінің шыңдық қолданысы және де шығармашылық элементтердің болуында. Деректі фильмде шындық пен дәлелдің жеткізілуі мақсат ететін кинематографияның ерекше жанры болып саналады. Бұл жанр ақпарат, қоғамға білім тұрғысынан, өмір тұрғысынан ой салу, білім беру және аудиторияға әсер етудің таптырмас құралы. Кинодан яғни көркем фильмнен айырмашылығы, деректі фильмде объективтілік жоғарғы орында, өмірде болған оқиғалар мен болған адамдарға негізделеді. Ол тарихты, әлеуметтік мәселелерді, ғылыми жаңалықтар немесе тіпті күнделікті қоғамның қозғалысын бейнелей алады. Деректі фильмді қалыптастыру объективті және шынайы бейнені, дәлелдерді, сұхбаттарды, мұрағаттық жазбаларды, материалдарды және репортаждарды қолданысқа енгізу арқылы туындайды. Деректі фильмнің мақсаты тек ақпаратты аудиторияға жеткізу ғана емес, сондай-ақ көрермен эмоциясына белгілі бір әсер қалдыруы маңызды.
Деректі фильм ол нақ шындықтың көрінісі. Деректі киноның маңызы ол тақырыптарының алуан түрлілігінде. Мәселен, әлеуметтік мәселелерді зерттеуден, жаңалықтарды құжаттауға дейін барады, көрерменге шындық әлемін ашады. Деректі киноның қабілеттілігі, оның көрермендеріне олардың эмоцияларына әсер етуіне қарай білінеді. Режиссерлерінің негізгі ұстанымы нақты тағдырлар мен оқиғаларға араласуы арқылы ақпаратты тегіс қана жеткізіп қоймай, сонымен қатар терең эмоционалды реакцияларды тудырады. Бұл дәлелдер деректі кинода орын алғанымен, киноны түсіру барысында өте қиын жағдайлар көп орын алады. Мысал тұрғысы мынадай: белгілі бір тарихи оқиға желісі қозғалса, ондағы уақыт бейнесі, ауа-райы бейнесі, кейбір реквизиттің тарихи нысан болып табылмауы, көрерменге сендіру әсер қалдырмауы, жасанды емес актерді іздеуі тағы да басқа жайттар, қиындықты туғызады.
Деректі кино тақырыптарын және әдістерін көрсететін әртүрлі өзара ішкі жанрларды қамтиды.
«Тарихи деректі фильм»: мұрағаттық жазбаларды, сұхбаттарды, материалдарды қолдана отырып, өткен оқиғалар мен дәуірлерді немесе тұлғалар жайлы бейнелейді.
«Табиғат пен ондағы тіршілік туралы деректі фильм» жабайы табиғаттың, жануарлардың, экожүйелер мен экологиялық мәселелердің табиғи түрде түсірілген бейнесі.
«Әлеуметтік деректі фильм» заңсыздық, қарама-қайшылық, кедейлік, теңсіздік, нәсілдік бөлініс, діни саясат және де әлеуметтік-мәдени мәселелерді қамту арқылы баяндалатын түрі.
«Публицистикалық деректі фильм» ғылым саласы мен технологияға қатысты ғылыми зерттеу үрдістерін жаңалықтар мен тақырыптарды қамтитын ішкі жанры.
«Өмірбаяндық(биографиялық, автобиографиялық) деректі фильм» тарихи және қазіргі заманғы нақты тұлғалардың немесе белгілі бір автор өзіндік өмірі мен жетістіктері туралы суреттейді.
«Саяси деректі фильм» саяси болған оқиғаларға ондағы жүйе мен тәртіптерге және жеке тұлғаларға, олардың қоғамға әсерін талдау арқылы түсірілетін ішкі жанры.
«Мәдени-тарихи деректі фильм» белгілі бір халықтың мәдени дәстүрлерін, олардың тарихын және мәдениетінің қоғамға әсерін зерттейтін бейнелеуші жанры.
«Нұсқаулық деректі фильм» көрерменді әлемнің әртүрлі бөліктеріне апарып, ондағы мәдениет пен әдет-ғұрып жайлы және де табиғат туралы баяндалатын бөлігі.
«Көркем деректі фильм» негізінде ақиқатты көркем түсіндіруге бағытталған эксперименттік жұмыстар.
«Спорттық деректі фильм» ғаламдық спорт әлеміндегі оқиғаларды, спортшылардың өмірлік жолы жайында және спорттық драмаларды қамтитын бөлігі.
Деректі киноның бұл ішкі жанрлары осы деректіліктің тақырыптық және стильдік әртүрлілінінің байлығын көрсетеді.

Ойымды қорытындылай келе, деректі фильм ол өзінің алуан түрлі түрінде мәдени және ақпараттық қоғамның ажырамас бөлігі. Ол ақиқатты өзінің барынша күрделілігі мен жан-жақтылығымен бейнелеп қана қоймайды, сонымен қатар көрерменнің эмоциясына әсер ететін, ұлттық, қоғамдық сананы оятатын және қоршаған әлемді қабылдауына дейін әсер ететін ерекше қабілетке ие. Деректі фильмдер оқиғаны түсіріп қана қоймай, сонымен қатар кейбір жайттарда сол оқиғаны қалыптастырады, бұл ұжымдық жадты қалыптастыруға және осы өмірдің сантүрлі аспектілерінің маңыздылығын түсінуге көмектеседі. Деректі кино көрерменді ойлануға, таныс нәрселерге жаңа көзқараспен қарауға және интеллектуалды, эмоцияналді із қалдыруға шақырады. Осылайша, деректі фильм ол тек, білім мен ғылым көзі ғана емес, сонымен қатар мықты шабыт пен түсіністік көзі болып табылады, бұл дегеніміз өткен өмірмен, қазіргі және де болашақ өмір арасындағы көпірді қалыптастырушы.


Дереккөздер мен пайдаланылған әдебиеттер: https://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D0%94%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%BA%D1%82%D1%96_%D0%9A%D0%B8%D0%BD%D0%BE

https://ru.m.wikipedia.org/wiki/%D0%94%D0%BE%D0%BA%D1%83%D0%BC%D0%B5%D0%BD%D1%82%D0%B0%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D0%BE%D0%B5_%D0%BA%D0%B8%D0%BD%D0%BE
https://www.krugosvet.ru/enc/kultura_i_obrazovanie/teatr_i_kino/DOKUMENTALNOE_KINO.html

Махат Садық «Деректі фильмнен үлкен киноға дейін»

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і Журналистика факультетінің 3-курс студенті Еркін Ақжүрек Жетекшісі: Рушанова Н.Б., аға оқытушы


0
0
959
Баннер сообщества Культура

Еще по теме