Перейти к содержимому
Обложка сообщества Культура

«Отбасылық құпиялар» = «Семейные секреты»

Отбасы күні қарсаңында № 8 жалпы білім беретін мектептің 4-сынып оқушыларына арналған «Отбасылық құпиялар» атты әдеби микс ұйымдастырылды. Іс-шара отбасының құндылығына, өзара түсіністікке, жақын жандар арасындағы қамқорлық пен құрметке арналды. Шара барысында балалар үй мен отбасының маңызы туралы әңгімелесіп, отбасылық құндылықтарға байланысты халық мақал-мәтелдерін еске түсіріп, тақырыптық жұмбақтарды шешті. Қатысушылар В. Осееваның «Печенье» атты әңгімесімен танысып, кейіпкерлердің іс-әрекеттерін талқылады. Олар жақын адамдарға қамқорлық көрсету, көңіл бөлу және құрметпен қараудың маңыздылығы туралы қорытынды жасады. Іс-шара соңында «Жүрекшені сыйла» атты интерактивті ойын өткізілді. Оның барысында қатысушылар бір-біріне ізгі тілектер айтып, жылы сөздер мен комплименттер сыйлады. Кездесу балаларға отбасылық бақыттың сүйіспеншілікке, сенімге, өзара көмек пен құрметке негізделетінін түсінуге көмектесті. Ал үйдегі жылулық пен береке әрбір отбасы мүшесіне байланысты екені атап өтілді.

В преддверии Дня семьи для учащихся 4 классов Общеобразовательной школы № 8 был проведен литературный микс «Семейные секреты», посвященный ценности семьи, взаимопониманию, заботе и уважению между близкими. В ходе мероприятия ребята поговорили о значении дома и семьи, вспомнили народные пословицы и поговорки о семейных ценностях и отгадывали тематические загадки. Участники познакомились с рассказом В. Осеевой «Печенье», обсудили поступки героев и пришли к выводу о важности заботы, внимания и уважительного отношения к родным людям. В завершение мероприятия состоялся интерактив «Передай сердечко», во время которого участники дарили друг другу добрые пожелания и комплименты. Встреча помогла ребятам задуматься о том, что семейное счастье строится на любви, доверии, взаимопомощи и уважении, а тепло и благополучие в доме зависят от каждого члена семьи.

Баннер сообщества Культура

Еще по теме