Брифинг
2021 жылғы 30 наурызда Қостанай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Тілемісұлы Мұратбековтің "Қостанай облысы бойынша мүгедектіктің жай-күйі және мүгедек адамдарды әлеуметтік оңалтудың қолданылатын шаралары туралы" тақырыбында брифингі өтті.
Департаменттің қызмет бағыттарының бірі мүгедектікті белгілеу және мүгедек адамдарды әлеуметтік оңалту шараларын әзірлеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.
Қостанай облысында ағымдағы жылдың 1 наурызына мүгедектігі бар 27 852 азамат тұрады, бұл облыс халқының жалпы санының 3,2% - ын құрайды, орташа республикалық көрсеткіш 3,7%.
Оның ішінде облыс қалаларында 58%, ауылдық жерлерде 42% тұрады. Облыста мүгедектігі бар ер адамдар 58,7%, әйел адамдар - 41,3%.
Еңбекке қабілетті жастағы-62%, зейнеткерлік жастағы – 27%, 0 жастан 18 жасқа дейінгі балалар – 11%.
18 мыңнан астам мүгедек адамның немесе 65% - ның қайта куәландыру мерзімінсіз, яғни тұрақты мүгедектік тобы бар.
Орта есеппен жылына алғаш рет 2 мыңға жуық адам мүгедектік алады.
Жыл сайын шамамен 7-8 мың мүгедектігі бар азамат қайта куәландырудан өтеді.
Негізгі нозология бойынша мүгедектік құрылымы келесідей:
психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектер -28 %
жүріп-тұру функциясы қиын мүгедектер - 25,7 %
есту мүшелерінде ақауы бар мүгедектер - 4,2 %
көру функциялары бұзылған мүгедектер - 4,1%
2020 жылдың 12 айында Департаментпен 7 478 адам куәландырылды, оның ішінде мүгедектік тобын белгілеу үшін – 7 030 адам, және 6 797 адамға немесе 97% мүгедектік белгіленді, оның ішінде 18 жастан асқан адамдар – 5 568 немесе 82 %, 0-ден 18 жасқа дейінгі балалар-1 229 адам.
Мүгедек адамдарға көмек көрсету мәселесіндегі негізгі міндеттердің бірі оңалтудың жеке бағдарламаларын (ОЖБ) әзірлеу және іске асыру болып табылады. Облыстың медициналық мекемелері ОЖБ медициналық бөлігін әзірлеп, іске асыруда және өткен жылы 2019 жылы әзірленген 7 573 ОЖБ мүгедек азаматтардың 97% медициналық оңалтуды алды. Өткен жылы жүргізілген жұмыс нәтижесінде 212 адамның мүгедектігі толығымен алынып тасталды, 380 адам мүгедектіктің неғұрлым жеңіл тобына ауыстырылды.
Сондай-ақ, Департаментпен және облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен, қалалық және аудандық жұмыспен қамту бөлімдерімен бірлесіп ОЖБ-ның әлеуметтік және кәсіптік бөліктері іске асырылуда.
2019 жылы әзірленген ОЖБ-ның 2 929 әлеуметтік бөлігінің 2020 жылы 74%-ы орындалды және ОЖБ-ның 123-тен кәсіптік бөлігі 83% - ға орындалды.
Жалпы, облыс бойынша мүгедектіктің жай-күйін тұрақты деп сипаттауға болады, облыста 2020 жылы мүгедектіктің қандай да бір күрт өсуі байқалмады. Мүгедектігі бар адамдар медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалту бөлігінде мемлекеттен қажетті қолдау алады. Мүгедек адамдардың заңды құқықтарын сақтау мәселесі Департаменттің тұрақты бақылауында.
***
30 марта 2021 года на площадке Региональной службы коммуникаций Костанайской области прошел брифинг руководителя Департамента Комитета труда, социальной защиты и миграции по Костанайской области Муратбекова Мурата Тлемисовича на тему «О состоянии инвалидности и принимаемых мерах социальной реабилитации лиц с инвалидностью по Костанайской области».
Так, одним из направлений деятельности Департамента является оказание государственной услуги по установлению инвалидности и разработке мер социальной реабилитации лиц с инвалидностью.
В Костанайской области на 1 марта текущего года проживает 27 852 граждан с инвалидностью, что составляет 3,2 % от общей численности населения области, при среднереспубликанском показателе 3,7%.
Из них в городах области проживает 58%, в сельской местности – 42%. Лиц с инвалидностью мужского пола в области 58,7%, женского – 41,3%.
Трудоспособного возраста 62 %, пенсионного возраста – 27%, дети от 0 до 18 лет – 11 %.
Более чем 18 тыс. лиц с инвалидностью или 65% имеют группу инвалидности без срока переосвидетельствования, т.е. постоянную.
В среднем в год впервые получают инвалидность около 2 тыс. человек.
Ежегодно повторно проходят переосвидетельствование порядка 7-8 тыс. граждан с инвалидностью.
Структура инвалидности по основным нозологиям выглядит следующим образом:
инвалидов с психоневрологическими расстройствами -28 %
инвалидов с затруднением функции передвижения - 25,7 %
инвалидов имеющие дефект органов слуха - 4,2 %
инвалидов, имеющие нарушения зрительных функций - 4,1 %
За 12 месяцев 2020 г. Департаментом освидетельствовано 7 478 чел, из них для установления группы инвалидности – 7 030 чел., и установлена инвалидность у 6 797 человек или 97 %, в том числе лиц старше 18 лет 5 568 или 82 %, детей от 0 до 18 лет – 1 229 человек.
Одной из основных задач в вопросе оказания содействия лицам с инвалидностью является разработка и реализация Индивидуальных Программ Реабилитации (ИПР). Так медицинскими учреждениями области разрабатывается и реализуется Медицинская часть ИПР и за прошлый год из разработанных в 2019 году 7 573 ИПР получили медицинскую реабилитацию 97% граждан с инвалидностью. В результате проведённой за прошлый год работы полностью снята инвалидность у 212 человек, переведены в более лёгкую группу инвалидности 380 человек.
Так же Департаментом разрабатывается и Управлением координации занятости и социальных программ области, совместно с городскими и районными отделами занятости реализуется социальная и профессиональная части ИПР.
Так из разработанных в 2019 году 2 929 социальных частей ИПР в 2020 году исполнено 74% и профессиональная часть ИПР из 123 исполнена на 83%.
В целом, состояние инвалидности по области можно охарактеризовать стабильным, какого-либо резкого роста инвалидности за 2020 год в области не отмечено. Лица с инвалидностью получают необходимую поддержку от государства в части медицинской, социальной и профессиональной реабилитации. Вопрос соблюдения законных прав лиц с инвалидность находится на постоянном контроле Департамента.
