ӘБІЛӘЗОВТЫҢ ӘККІ ӘРЕКЕТТЕРІ ҚОҒАМДЫ ӘЛІ ӘУРЕЛЕУДЕ
Әбіләзовтың саясаты жайлы сөз қозғар болсақ, біраз былықтың беті 0айта парақтарымыз анық. Еске сала кетсек, «БТА» банкінің бұрынғы директорлар кеңесінің төрағасы Мұхтар Әбіләзов 1 млрд. долларға жуық қаржыны жымқырған. Оның осыншама ақшаны әр жерге бөліп тастап, түрлі мақсаттарға жұмсағаны анықталған болатын.
Әбіләзов өзінің сыбайластарына банк салымшыларының құқығын ескерместен, заңсыз несие рәсімдеп, беріп келген болатын. Мәселен Мәскеу облысының Подольск ауданында жалпы көлемі 2 млн. шаршы метрден асатын жерге құрылыс нысанын салу үшін «Тортуга Лимитед» компаниясына қомақты қаржы аударған. Бір күннің ішінде 200 млн. доллар несие алуына мүмкіндік жасаған екен. Дәл осындай жолмен Ресейдегі, Украинадағы және тағы басқа шетелдегі бизнесін өркендету үшін “БТА Банкінен” қаржы бөліп, әрдайым қолдау көрсетіп келгені анықталған еді. Мұхтар Әбіләзов жалпы көлемі 1 млрд долларға жететін ақшаны жымқыру үшін осы банктің несие комитетінің төрағасы Жәрімбетовпен және тағы басқа бірнеше адаммен бірлесіп әрекет жасаған. бұлардың барлығына қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын. Бірақ Мұхтар Әбіләзов пен оның сыбайластары шет ел асып, қашып кеткен еді.
Әбілазовтың былығы мұнымен тыйылмайды. Адам өлтіруге тапсырыс берді деп айыпталған Мұхтар Әбіләзовқа қатысты Тараздағы атышулы іс былтыр жыл соңында аяқталған болатын. Банкир Ержан Тәтішевті өлтіруге тапсырыс берді деп айыпталған қашқын олигарх енді қолға түссе өмір бойына түрмеге қамалмақ.
Мұхтар Әбіләзовтың қылмысы нақты айғақтармен жүз пайыз дәлелденген. Әбіләзов бұған дейін «қылмыс жасауға оқталу, қылмыстық топ құру, оған басшылық жасау» сынды баптар бойынша айыпталып, сырттай 20 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Судья осының бәрін саралай келе, Әбіләзовты өмір бойына түрмеге қамау керек деп шешті. Әбіләзовтың шетелде жасырынып жүргенін айта кетейік. Бірақ оның қазір нақты қай мемлекетте екені белгісіз
ТҮЙІН: «Өзге сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол». Әр адамның соты – ары. Ар алдындағы айып әділетті адамға өмір бойы маза бермесі ақиқат. Ал, шынында да шыбын щаққан құрлы әсер етпесе, адамдық атына сын. Әбіләзовты әккі әрекеттері елді әлі әурелеуде. Бір басының былығы үшін талай адам жапа шегіп, туған елінің аузындағысынан айырған азаматты не деп атасақ болады?
#Астана #Алматы #Шымкент #ДимашКудайбергенов #Туркестан #Караганды #Семей #Устькаменогорск #Уральск #ЖаннаБота #Aferist.n1 #Аблязов #?аза?стан #Казахстан #Врагнаорда #Карлик #ДВК #Кызылорда #Талдыкорган #Жезказган #?аза? #Qazaq #2030 #2050 #Dimash #Iamsinger #Karlikvor
