«Басты байлық – денсаулық» тәрбие сағаты

Ахмет Бірімжанов атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушылары үшін салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Басты байлық – денсаулық» атты танымдық тәрбие сағаты өткізілді.
Шара барысында балалар белсенділік танытып, пайдалы ақпараттармен бөлісті:
- Көңілді жаттығулар: Оқушылар іс-шараны бойды сергітетін ширату жаттығуларынан бастап, ерекше серпін алды.
-Салауаттылық ережелері: Балалар адамның дені сау, еңсесі тік болуы үшін күнделікті өмірде не істеу керектігі туралы өз ойларын ортаға салды.
- Дұрыс тамақтану: Күнделікті тағамдардың пайдалы және зиянды болып бөлінетінін талқылап, дәрумендердің маңызына тоқталды.
-Тазалық – денсаулық кепілі: Оқушылар жеке бас гигиенасын сақтаудың, қолды уақытылы жуу мен спортпен шұғылданудың қаншалықты маңызды екенін ұғынды.
Тәрбие сағаты өте қызықты әрі тағылымды өтті. Шара соңында оқушылар денсаулықты күту – әр адамның өз қолында екеніне көз жеткізді.

