«Б» корпусының лауазымдарына орналасу конкурсы қалай өтеді? 🏛️
📝 Мемлекеттік органдарда бос лауазымдарға орналасуға конкурс жалпы конкурс өткізу арқылы жүзеге асырылады.
💻 Қазақстанда мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға конкурс интеграцияланған ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады.
Конкурс бірқатар жүйелі кезеңдерді қамтиды:
1️⃣ жүйеде конкурс өткізутуралыхабарландыру;
2️⃣ жүйе арқылы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың өтінімдерін қабылдау;
3️⃣ үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалаудан және үміткердің мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалаудан өтуі;
4️⃣ эссе жазу (белгілі бір лауазымдар үшін не мемлекеттік органның шешімі бойынша);
5️⃣ мемлекеттік органның конкурстық комиссиясында әңгімелесу;
6️⃣ конкурс қорытындысын шығару.
Конкурс кезеңдерінің нәтижелері бойынша жүйе автоматты түрде конкурс қорытындысын шығарады.
Конкурс қорытындысы бос лауазымға қабылдау үшін негіз болып табылады.
🔍 Қатысуға дайындалып, мүмкіндіктеріңізді арттырыңыз! Бұл үшін ProQyzmet.online платформасын пайдаланып, тесттер мен дайындық курстарынан өтіңіз. Сәттілік! ✨
