Astana Motors компаниясы: «Қазақстанда құрастырылған қытайлық маркалы көліктер ең қатаң сапа бақылауынан өтеді»
5-желтоқсан күні Алматыда Astana Motors компаниясы өкілдерінің ұйымдастыруымен бұқаралық ақпарат құралдары арасында media тур өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен бірқатар журналистер мен блогерлер қатысты. Таңғы 7.45-тен басталған медиа тур күн батқан уақытқа дейін созылуы тегіннен-тегін емес. Өйткені, біз бір күн ішінде Алматының Индустриялық аймағында орналасқан Hyundai автокөліктерінің өндіріс орнына, «Astana Motors Manufacturing Kazakhstan» (AMMKZ) заводына, қызметкерлер жұмыс істейтін офисқа, жақында ғана ашылып көпшіліктің қызығушылығын тудырған Almaty Museum of Arts объектісіне барып үлгердік. Сонымен, жиынға біздің Алматыдағы меншікті тілшіміз барып, компанияның тыныс-тіршілігімен жақынырақ таныса отырып, арнайы сұхбаттасып қайтқан еді.

сурет: Astana Motors компаниясының пиар бөлімінен алынды
Медиа тур барысында журналистер қауымына заводтың ішіне кіріп, жаңа өндірістің құрастыру технологияларынан бастап шығарылатын көліктердің сапасын бақылауға дейінгі барлық процестің қалай жүретінін бақылаудың сәті түсті.
2025 жылдың қыркүйек айында іске қосылған «Astana Motors Manufacturing Kazakhstan» (AMMKZ) заводының өндіріс аумағы - 211 мың шаршы метр, ал жер телімі - 309 мың шаршы метр.
Алғашқы сұрақты мен көпшіліктің көкейіндегі Қазақстанда құрастырылған қытайлық маркалы көліктердің сапасының қаншалықты сын көтеретінін, оған қаншалықты сенім білдіруге болатынынан бастауды жөн көрдім.

сурет: Astana Motors компаниясының пиар бөлімінен алынды
Қазақстанда құрастырылған қытайлық маркалы көліктер ең қатаң сапа бақылауынан өтеді
Біз өндірістегі әрбір жұмыстың сапалылығына, әрбір өнімнің жоғары сапада шығуына ерекше назар аударамыз. Әрине, машинаны құрастырып шығу оңай шаруа емес. Өте үлкен жұмыс. Аса үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Дегенмен, біз сапаға жұмыс істейміз. Завод сапаны бақылауды шетелдік мамандар жүргізетініне кепілдік берді. Яғни, бізде құрастырылатын әрбір өнімді тұрақты түрде шетелдегі сала мамандары бақылап, тексеріп отырады. Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытында шығарылған Chery, Changan және GWM көліктері (Haval, TANK) бренд холдингінің талаптарына толығымен сәйкес келеді деп нық сеніммен айта аламын:
"Өйткені, бұл талап, себебі завод бренд иегерлерімен сертификатталған. Chery, Changan және GWM тобының (Haval, TANK) қытайлық инженерлері өндірістің барлық кезеңдерінде тәжірибелік өндіріске, процестер мен сапаны бақылауға белсенді түрде қатысады. Сондықтан, өндіріс сапасы Қытайдағыдай стандарттарға сәйкес келеді", - деп түсіндірді өз сөзінде «Астана Моторс» ҚМК бас директоры Бекнұр Мұратұлы Несіпбаев
Компания басшысы егер жұмыс барысында машина өндірісіне қатысты қандай да бір шарттар мен талаптар орындалмаса, завод ол көлікті ары қарай құрастырмайтынын тілге тиек етті:

сурет: Astana Motors компаниясының пиар бөлімінен алынды
«Нақты маркалы автокөліктерді шығару құқығын алу үшін компания арнайы талаптар мен стандарттарға сай болуы керек екенін түсіну маңызды».
Көліктердің нарыққа жаппай шығарылуы бірнеше кезеңнен тұрады
"Өндірістің іске қосылуы бірнеше кезеңнен тұрады: жабдықты іске қосу, сынақ өндірісі және көп деңгейлі сапаны сынау. Барлық тиісті сертификаттар, мақұлдаулар мен лицензиялар алғаннан кейін ғана көліктер нарыққа жаппай шығарыла бастайды", - деді өз сөзінде компания басшысы.
Қанша көлік шығарылады?
«Астана Моторс» компаниясы өнеркәсіптік құрастыру бойынша мемлекетпен келісім аясында шанақ дәнекерлеу және бояумен айналысатын (CKD) арқылы ұсақ түйінді өндіріс әдісін қолданып, өнімнің 30 %-ын қамтамасыз етуге міндеттенді.
Өндірістік циклге дәнекерлеу, сырлау, содан кейін көліктің ішкі және сыртқы бөліктерін құрастыру кіреді. Зауыт дәнекерлеу және бояу әдістерін қолдана отырып, жылына 120 000 көлік шығаруға қауқарлы.
"Өндіріс көлеміне келер болсақ, ол әрине, көптеген факторларға, соның ішінде нарық конъюнктурасы мен жаңа үлгілерді енгізу жылдамдығына байланысты болып келеді. Біздің мақсатымыз - 2025 жылдың соңына дейін шамамен 15 000 көлік шығару. 2026 жылы біз қазақстандық нарыққа кемінде 45 000 көлік шығаруды жоспарлап отырмыз",- деді компания басшысы өз сөзінде.

сурет: Astana Motors компаниясының пиар бөлімінен алынды
Өндіріске 215 млрд теңгеден астам жұмсалды
Алматының индустриалды аймағында салынған зауыттың өндірістік нысандарының жалпы ауданы 211 гектарды құрайды. Бүгінде ол Қазақстандағы ең озық және жоғары технологиялы кәсіпорындардың бірі. Astana Motors заводта қолданылатын инновациялық технологияларға, ондағы әрбір детальға мақсатты түрде үлкен инвестиция жасады:
"АММКЗ Қазақстан Республикасында дәнекерлеу және құрастыру цехтары өз алдына жеке-жеке бөлек қабаттарда орналасқан автоматтандырылған жеті деңгейлі шанақ тарату қоймасы (200 шанақ) бар бірінші завод болып есептеледі. Бұл AI негізіндегі бағдарламалық қамтамасыз ету дәнекерлеу, бояу және құрастыру кезінде шанақтарды автоматты түрде бөлуге мүмкіндік береді", - деп өтті АММКЗ компаниясының өндіріс бойынша директоры алексей Дормидонтов.
Жоба құны 215 млрд теңгеден асады. Оның ішінде 41% – Astana Motors компаниясының жеке қаражаты, 59% – Қазақстан Даму банкі мен Өнеркәсіпті дамыту қорынан 9% мөлшерлемеде 15 жылға қарызға алынған қайтарымды қаржысы.
Өндіріске 2400 жұмыс күші жұмылдырылған
Завод толық өндірістік қуатына жеткенде, оның жұмыс күші шамамен 3600 адамды құрайды. Қазіргі уақытта зауытта 2400-ден астам адам жұмыс істейді. Осы ретте, бізге өз ісін шынымен жақсы көретін, өндіріске икемі бар кадрлар керек-ақ!
Бізде 54 робот бар
Цехтардағы адам ағзасына қауіпті, лас жұмыстарға Жапония, Швеция және Швейцариядан арнайы әкелінген роботтар жауапты. Қазіргі кезде мультибрендті заводта үлкенді-кішілі жұмысқа тартылған 54 робот бар.
«Дәнекерлеу цехындда көлік бөліктерін біріктіруде жоғары дәлдік пен тұрақты сапаны қамтамасыз ететін 17 жапондық Fanuc роботтары жұмыс істесе, бояу цехы ABB (Швеция-Швейцария) фирмасының 34 өнеркәсіптік роботты тозаңдатқыштарымен жабдықталыпты. Катафорез желісінде 20 ванна бар, бұл жоғары технологиялық деңгейде автокөліктердің корпустарына коррозияға қарсы жабындарды өңдеуге және жағуға мүмкіндік береді», - деп түсіндірді компания өкілдері.
Бұдан басқа, құрастыру компоненттерін шасси желісіне автоматты түрде және бағдарламаланған түрде тасымалдайтын AGV роботты көліктері қолданылады.
«Олар жұмысшылардан тұрақты бақылауды қажет етпейді және қозғалтқыштар мен басқа да суспензия компоненттерін орнату аймағына уақытында жеткізеді.
Завод жетекші әлемдік өндірушілердің жоғары технологиялық жабдықтарымен жабдықталған: Automotive Engineering Corporation (Қытай), ABB (Швеция-Швейцария), BOSH (Германия), Fanuc (Жапония), Obara (Оңтүстік Корея), Schneider (Франция), Siemens (Германия) және т.б.
Біз үшін қызметкерлердің бос уақытын сапалы өткізуі маңызды
Әрине, өндірісте жұмыс істеу оңай емес. Физикалық шаршаудың болатыны да заңдылық. Осы ретте, компания басшылығы қызметкерлердің бос уақытын сапалы әрі пайдалы өткізу үшін де барлық мүмкіндіктер жасайтынына куә болдық. Олай дейтін себебіміз, өте үлкен аумақты алып тұрған офисте қызметкерлерге арналған арнайы тренажер залы, бокс рингтері бар фитнес-орталық, 168 орындық кинотеатр және 2000 тірі өсімдіктері бар қысқы бақты, ол аз десеңіз, жұмысшылар үшін тегін түскі ас берілетін асхана да табылады. Әдетте, мұндай көп мүмкіндіктер тек ірі компанияларда ғана болады емес пе? Шыны керек, қызметкерлеріне түрлі мүмкіндік ұсынатын жұмыс орнын бірінші рет көруім)
Көпшіліктің қызығушылығын туғызған бестселлерлер туралы
"Әрине, әрбір адам көлік сатып аларда қаражаты мен мүмкіндігіне, құндылықтарына қарай таңдау жасайды. Дегенмен, сатылым көрсеткішіне қарап кейбір модельдердің жоғары сұранысқа ие екенін байқау қиын емес. Бестселлерлерге келетін болсақ, әр брендтің өзінің танымал үлгілері бар. Қазақстан автокөлік одағының (ҚАО) соңғы мәліметтері бойынша, 2025 жылдың қазан айындағы жағдай бойынша олар:
Ең танымал 10 модель арасында сегіз ай қатарынан Chevrolet Cobalt (1 889 бірл.), Hyundai Tucson (1 726 бірл.) және Kia Sportage (876 кроссовер) ешкімге дес бермей келеді. Төртінші сатыға Chevrolet Onix (838 бірл.) көтерілсе, бесінші орында Changan CS55 Plus (774 бірл.) тұр. Үздіктер қатарына тағы Hyundai Elantra (678 бірл.), Hyundai Mufasa (636 бірл.), Toyota Camry (573 бірл.), Hyundai Santa Fe (510 бірл.) және Haval M6 (441 бірл.) қосылды.
Статистика сөйлесін
«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) дерегі бойынша 2025 жылғы қазанда Қазақстан аумағындағы ресми дилерлер 20 205 бірл. жаңа жеңіл және коммерциялық автомобиль сатты, бұл қыркүйекпен салыстырғанда 10,1% жоғары, бірақ былтырғы қазанмен салыстырғанда 6% төмен көрсеткіш. Жалпы он айда 181 789 бірл. автомобиль сатылды (+14,6%).
Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «Қазан тиімді ұсыныстар мен маусымдық жеңілдіктер айы ретіндегі мәртебесін тағы растады – өткен айда 20 мыңға жуық жаңа көлік иесін тапты. Дилерлер жаңа қаржылық өнімдерін ұсынды. Әсіресе, модельдерін жақында ғана Қазақстанда құрастыра бастаған брендтердің үлесі артқанын атап өткен жөн. 2025 жыл отандық авторитейл саласында жаңа рекорд жасайтыны анық».
Күздің ортасында әдеттегідей, Hyundai көш бастады – 4 264 бірл. көлік (былтырғы қазанмен салыстырғанда +44,6%). Chevrolet екінші орында (2 802 бірл.; -55,3%), Kia үшінші қатарға жайғасты (1 901 бірл.; -21,2%). Бұл жолы Changan (1 463 бірл.; +136,7%) мен Jetour (1 283 бірл.; +41,5%) едәуір жақсы нәтиже көрсетті. Одан бөлек, тізімде Chery (1 183 бірл.; -14,6%), Toyota (1 138 бірл.; -3,2%), Haval (1 026 бірл.; -22,8%), Jac (808 бірл.; -17,6%) және Geely (656 бірл.; +0,6%) бар.
ASTANA MOTORS КОМПАНИЯСЫ туралы қысқаша анықтама
1992 жылы құрылған Astana Motors компаниясы Қазақстан мен Орталық Азиядағы автокөлік саласындағы ең ірі компаниялардың бірі ретінде авторетейл, сервис және автомобиль жасау бағыттары бойынша жұмыс істейді.
Компания Қазақстанда Hyundai, Subaru, BMW, MINI, BMW Motorrad, Jaguar Land Rover, Haval, TANK, Chery, Changan, BYD, Genesis, Golden Dragon брендтерінің ресми дистрибьюторы, сондай-ақ Toyota және Lexus ресми дилері болып табылады.
Сонымен бірге Astana Motors Өзбекстанда Hyundai брендінің ресми дистрибьюторы және BYD дилері ретінде қызмет көрсетеді. Ал Чехия Республикасында Astana Motors компаниясы Chery брендінің ресми дистрибьюторы болып табылады. Бұдан бөлек Astana Motors — электр жабдықтарының ресми дистрибьюторы және жаңа энергия көздерімен жүретін көліктерге арналған MyCharge қуаттау станциялары желісінің операторы.
Компанияның құрылымына келесі өндіріс кәсіпорындары кіреді:
• Astana Motors Manufacturing Kazakhstan — Chery, GWM (Haval, Tank) және Changan брендінің жеңіл автокөліктерін шығаратын мультибрендті зауыт;
• Hyundai Trans Kazakhstan— Hyundai жеңіл автокөліктерін шығаратын зауыт;
• Автокөлік компоненттерін өндіретін технопарк. Оның құрамына автокөлік орындықтарын шығаратын Almaty Autoparts Production және мультимедиялық жүйелер шығаратын Kazakhstan Mobility Engineering кәсіпорындары кіреді;
• Hyundai Trans Almaty — коммерциялық, жолаушылар және арнайы техникалар шығаратын зауыт.
Компания туралы қысқаша ақпарат:
ASTANA MOTORS КОМПАНИЯСЫ
1992 жылы құрылған Astana Motors компаниясы Қазақстан мен Орталық Азиядағы автокөлік саласындағы ең ірі компаниялардың бірі ретінде авторетейл, сервис және автомобиль жасау бағыттары бойынша жұмыс істейді.
Компания Қазақстанда Hyundai, Subaru, BMW, MINI, BMW Motorrad, Jaguar Land Rover, Haval, TANK, Chery, Changan, BYD, Genesis, Golden Dragon брендтерінің ресми дистрибьюторы, сондай-ақ Toyota және Lexus ресми дилері болып есептеледі.
Сонымен қатар, Astana Motors Өзбекстанда Hyundai брендінің ресми дистрибьюторы және BYD дилері ретінде қызмет көрсетеді. Ал, Чехия Республикасында Astana Motors компаниясы Chery брендінің ресми дистрибьюторы ретінде танылған. Бұдан бөлек Astana Motors — электр жабдықтарының ресми дистрибьюторы және жаңа энергия көздерімен жүретін көліктерге арналған MyCharge қуаттау станциялары желісінің операторы.
Компанияның құрылымына келесі өндіріс кәсіпорындары кіреді:
• Astana Motors Manufacturing Kazakhstan — Chery, GWM (Haval, Tank) және Changan брендінің жеңіл автокөліктерін шығаратын мультибрендті зауыт;
• Hyundai Trans Kazakhstan— Hyundai жеңіл автокөліктерін шығаратын зауыт;
• Автокөлік компоненттерін өндіретін технопарк. Оның құрамына автокөлік орындықтарын шығаратын Almaty Autoparts Production және мультимедиялық жүйелер шығаратын Kazakhstan Mobility Engineering кәсіпорындары кіреді;
• Hyundai Trans Almaty — коммерциялық, жолаушылар және арнайы техникалар шығаратын зауыт.
#HyundaiTransAlmaty #AstanaMotorsManufacturingKazakhstan #Astana Motors #Қазақстанның Автокөлік Одағы #AAMK #ҚАО #БекнұрНесіпбаев #НұрланСмағұлов #НазираБурханова #АнарМақашева
