Адам өзінің армандарына жеткен сайын армандай бере беретіні айдан анық. Әрине арманның шегі жоқ. Ал менің арманымдарымның бірі -журналист,тележүргізуші болып халықтың алдында жүру.
Армандап жүрген мамандық-жаһандық аренада танымал қазақ журналист болу.
Дүние жүзі журналистерінің ең ірі бірлестігі, яғни Халықаралық Журналистер Федерациясының мүшесі болып, қазақ еліндегі журналистика саласының беделін әлемдік деңгейдегі елдермен теңесуіне өз үлесімді қосу. Бұл ой маған ғайыптан, не болмаса, ата-анамның қалауынан келген жоқ. Бұл менің өз таңдауым, мен бұл арманым Алланың қалауымен орындалатынына сенемін. Мен бұл арманыма жету үшін маған ізденіс, талпыныс, жігерлік, жақындарымның қолдауы қажет.
Ия, білемін журналист деген оңай мамандық емес, күн демей, түн демей әділдікті жақтап, ғажап әлем үшін жанын береді. Өзіңізді табу үшін- Армандау керек, арманыңызды нақты қадамдарға алмастыру қажет. Армандай білу керек.
Армандардың орындалуы өз колыңызда ол үшін жақсы оқып, алға ұмтылу керек. бір орында отыра берген адамның арманы түгіл, ісі де алға баспайды.