Жанель жазғы демалысы қызықты күндерге толы болғанын айтады. Каникул бастала салып лагерьде демалып, одан кейін Алакөлге жол тартып, кейіннен шет елге саяхаттап барып қайтқан. Бірінші қыркүйек - ол үшін алғашқы қоңырау, Білім күні.
Қазір алғашқы ұстазы Әлия Исаеваны сағынып жүр. Бастауышты бітірген Жанель биыл жаңа сынып жетекшісімен танысады. Ол достарын көруге асық болғанын, әсіресе жан құрбысы Шұғыланы қатты сағынғанын айтады.
Жанель ән салуды жақсы көреді. Вокалдан қосымша сабақ алып жүрген талапты қыз болашақта әнші болғысы келетінін жасырмады. 5 жасынан түрлі байқауларға қатысқан Жанел 8-ге толған жылы Болгарияда өткен халықаралық байқауда жүлдегер атаныпты. Жазғы демалыс күндері «Балапан» концертіне де қатысып үлгерген. Бізге Адель орындайтын «Rolling in the Deep» пен «Саржайлау», «Жау-жау жаңбырды» шырқап берді.
Біздің кейіпкеріміздің інісі мен сіңлісі бар. Олар да 175-ші мектепте оқиды. Жанель олардың сабақ оқуына анасымен бірдей көмектесетінін айтты.
Келесі репортаж барысында біз 148-ші мектеп оқушысының анасы жайлы сырлы сұхбатты ұсынамыз https://yvision.kz/post/777336;
Алматыдағы №83 мектепте Білім күні қалай өткенінен хабар береміз https://yvision.kz/post/777324.


