Қандай басшы
Қазаққа басшымыз дер шляпалар, Очки сап, портфель ұстап жүрген жандар. Істеген он тиындық еңбегі жоқ, Бос мылжың, даурықпада қанша мән бар? Өзі үшін бір қалаға барып келсе, Керек-жарақ нәрсесін алып келсе. Одан артық басшыны қазақ таппас, Шығынын он есе ғып салып келсе. Газет-журнал басшыны мадақтаса, Өтірік-ақ оған кір жолатпаса, Көрінген мінін-дағы бетке айта алмай, Аңшының итіндей боп алақтаса.
Сұлтанмахмұт Торайғыров
