Алматыда жол жүру ережесін бұзуды тіркейтін мобильді кешен шыаратын зауыт ашылды
20 маусымда Алматыдағы "Алатау" инновациялық технологиялар паркі арнайы экономикалық аймағында жол қозғалысы ережесін бұзуды тіркейтін мобильді кешен шығаратын жаңа зауыт ашылды.

«Жаңа өндіріс орнының негізгі мақсаты — қоғамдық тәртіпті күшейту, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықты анықтау және тоқтату, қылмысты ашу бағытында сапалы инфрақұрылым тарту», — деді Alatau Smart Technology Kazakhstan өкілі Данияр Насипов.

Компания жобаның дамуына жеке инвестордан 64 миллиард теңге алатынын және биыл 600 мобильді кешен шығаратынын, ал 2025 жылға қарай өндірісті жылына мың мобильді және мың стационарлық кешенге ұлғайтуды жоспарлап отырғанын атап өтті.
Зауыт бірінші кезеңде 34 жұмыс орны ашылғанын, екінші кезеңде (2025 жылы) қызметкер санын 76-ға көбейту жоспарланғанын мәлімдеді.
Әлеуметтік желіде зауыттың бүгінгі презентациясына актер шақыру туралы хабарландыру пайда болды. Қатысушыларға 10 мың теңге төленіп, арнайы киім беріліп, камера түсіріп жатқанда не істеу керектігі туралы нұсқау берілген. Актерлер өте тез табылды.
