Әлем балетінің жұлдыздары Қазақстанда: Алматы мен Астанада FREEDOM FESTIVAL IV шарасы өтеді
Кеше Алматыда FREEDOM FESTIVAL ұйымдастырушылары БАҚ өкілдері мен блогерлерді жылдың ең үздік мәдени шарасының бірі – FREEDOM FESTIVAL IV фестивалініңбасталуына арналған баспасөз конференциясын өткізді.

21 және 23 қарашада өтетін FREEDOM FESTIVAL IV шарасы классикалық және заманауи балет жұлдыздарын Almaty Theatre және Astana Ballet сахналарында күтеді. Фестиваль «Астана Опера» театры ұсынатын «Пахита» балетімен ашылады, жетекшісі Алтынай Асылмұратова. Ал екінші бөлімде Қазақстанда Berlin Ballet Company ұжымы CHOREO X бағдарламасымен алғаш рет өнер көрсетеді. Бұл бағдарламада Марко Гёкке (Marco Goecke), Начо Дуато (Nacho Duato), Анжелен Прельжокаж (Angelin Preljocaj), Аршак Галумян (Arshak Ghalumyan) және басқа да хореографтардың жаңаша көзқараста ұсынылған қойылымдары қамтылған.
Фестиваль қарсаңында Freedom Finance Global директорлар кеңесінің төрағасы Сергей Лукьянов, American Ballet Theatre (Нью-Йорк) труппасының прима-балеринасы Хлоя Миссельдайн (Chloe Misseldine) және Staatsballett Berlin труппасының премьері Мартин тен Кортенаардың (Martin ten Kortenaar) қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді. Сондай-ақ шараға Berlin Ballet Company көркемдік жетекшісі Аршак Галумян, жоба продюсері Данияр Шманов қатысты.
Баспасөз конференциясынан кейін балет әртістері фестиваль бағдарламасына арнаған дайындығын көрсетті. Журналистер мен блогерлерге сахна сыртындағы дайындық барысын көріп, эксклюзив кадрлар түсіруге мүмкіндік туды.
««Freedom Festival — өнерді, өзіндік болмысты және балетке деген батыл көзқарасты біріктіретін дәстүрге айналды. Биыл біз классика мен заманауи хореографияны, қазақстандық артисттер мен шетелдік труппаларды тоғыстыра отырып, үйреншікті шекараларды кеңейтеміз. Мұндай үндестік — фестивальдің негізі – өнердің тірі тынысын, диалогқа, шабыт пен бірігуге деген ұмтылысымызды көрсетеді",- деп атап өтті Freedom Finance Global директорлар кеңесінің төрағасы Сергей Лукьянов.
Дәстүр бойынша фестиваль аясында заманауи өнер көрмесі өтеді. Биылғы фестивальдің арнайы қонағы – халықаралық арт-сахналарда Қазақстан мен Өзбекстан атынан шығып жүрген танымал суретші Азиза Шаден. Ол Өзбекстан Мәдениет пен өнерді дамыту қорының қолдауымен жасалған, алғаш рет Бұхара Биенналесінде көрсетілген бейнеинсталляциясын ұсынады. Бұл жұмыс Қазақстанда алғаш рет көрсетілмек.
Freedom Festival IV ұйымдастырушысы – Freedom Holding Copr.
