Перейти к содержимому
Обложка сообщества Новости

АҚЖАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН СУМЕН ЖАБДЫҚТАУДЫҢ ЖОҚТЫҒЫНА ШАҒЫМДАНДЫ

«AMANAT» партиясының Ақжар аудандық филиалы балалар үйінің тәрбиеленушілері мен түлектеріне, сондай-ақ асырауында кәмелетке толмаған балалары бар аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік бейімделу және көмек көрсету бойынша мониторинг барысында отағасыларының ұсыныстары мен өтініштерін тыңдады.

Ауыл тұрғындарын толғандыратын басты мәселе – орталықтандырылған сумен жабдықтаудың жоқтығы. Мониторинг барысында сұралғандардың барлығы дерлік «AMANAT»-тың Сайлауалды бағдарламасын толықтыру үшін ұсыныстар жинау кезінде осы мәселені қозғады.

Бүгінде Ақжар ауданының 6 ауылында орталықтандырылған су жоқ. Тұрғындардың айтуынша, олар суды жергілікті көздерден тұтынады, онда судың қоры таусылуға айналған.

«Су көбінесе құммен араласқан. Ақсары, Баймырза, Горьковское, Восход, Май, Ұялы ауылдарына Булаев топтық су құбырынан магистральдық су құбырын салу жобасы бірнеше жылдан бері орталық деңгейде әзірленуде. Ауданның алты ауылына су құбырын салу үшін қаржыландыру қажет», - деді аудан тұрғыны Татьяна Павленко.

Филиал басшысы Оксана Киккаринова барлық тілектер Сайлауалды бағдарламаға енгізілетінін айтып сендірді. Соңғы екі аптада жергілікті партиялықтар 39 өтініш жинады. Олардың бір бөлігі құжат жобасына енгізілген.

0
0
290

Еще по теме

АҚЖАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН СУМЕН ЖАБДЫҚТАУДЫҢ ЖОҚТЫҒЫНА ШАҒЫМДАНДЫ - Yvision.kz