Құрбан айт - құтты мереке

TIЛ ЖУРНАЛЫ 2010 M11 14
4416
8
2
0

  Құрбандық шалу кімдерге уәжіп? 1. Мұсылман болуы; 2. Ақылды және балиғат жасына толуы; 3. Құрбан айт уақытында жолаушы болмауы; 4. Негізгі қажеттерден тыс нисап мөлшеріндегі қаржыға ие...

 

Құрбандық шалу кімдерге уәжіп?

1. Мұсылман болуы;

2. Ақылды және балиғат жасына толуы;

3. Құрбан айт уақытында жолаушы болмауы;

4. Негізгі қажеттерден тыс нисап мөлшеріндегі қаржыға ие болуы;

Нисап мөлшері – 85 грамм алтын яки соның құнына тең келетін ақша. Зекет ғибадаты сияқты құрбанның уәжіп болуы үшін нисап мөлшеріне жеткен малға бір жыл толу шарт емес. Құрбан шалған уақытта міндетті түрде ниет ету керек. Өйткені, малды ғибадат үшін соятыны секілді, тек қана еті үшін де союға болады. Мұндай байлық мөлшері қолында жоқ адамдарға құрбандық шалу міндет болмағанмен жағдайы келсе құрбандық шалуына рұқсат.

Құрбандық шалудың негізгі мәні мен маңызы

Құрбан шалу – мұсылмандықтың рәмізі.

Құрбан шалу – ұлы ғибадат. Жүректі дүниеқұмарлықтан, сараңдықтан аластатады.

Құрбан шалудың қоғамдық пайдалары да мол.

Құрбан шалу – құл екендігіміздің, дінге бекемдіктің белгісі.

Құрбан шалу – Аллаһты еске алу әрі шүкір ету.

Құрбан шалу – Аллаһтың жомарттығына құлдардың да қайтарым жасауы.

Құрбан шалу – Аллаһқа деген сүйіспеншіліктің белгісі.

Құрбан шалу шаңырақты берекеге бөлейді.

Құрбан шалу бәле-жалаларды аластатады.

Құрбан шалу Аллаһты ұлықтауды әрі мұсылмандарың бір-біріне деген жанашырлығын білдіреді.

Құрбан шалған адам өзінің діни міндетін орындаған болып табылады.

Құрбан шалу мүмінді ақыретте мол сауапқа кенелтеді.

Құрбан шалу – күнәлардың кешіріміне себеп.

Құрбан шалу – баршаға әсіресе кедейлерге жасалған жанашырлық.

Құрбан шалу бай мен кедейдің арасын жақындастырады.

Құрбан шалу – қоғамдағы татулық пен ынтымақтың ұйытқысы.

Құрбан шалу – мұсылмандардың бір-біріне қол ұшын

созып тұруының, бауырмашылдығының белгісі.

Құрбан шалу қоғамды игілікке, ізгілікке бастайды.

Құрбан шалу кедейлердің қабағын ашады, тағдырға өкпе артқызбайды.

Құрбан шалу көрші ақысын еске салып, татулыққа бастайды.

Құрбан шалу мал шаруашылығына көңіл бөлдіреді.

Оцените пост

2

Комментарии

0
какие троли тут минусуют не пойму...
0
Амин. Бірге болсын.
0
Не понимаю по казахски, переведите ктонибудь?
0
Бірге Болсын!
0
Қабыл болсын!!
Показать комментарии
Дальше