Тасқала ауданы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» қызметкерлеріне мемлекеттік әкімшілік қызметке және құқық қорғау органдарына алғаш түсушілерді тестілеу бағдарламасына өтініш білдіру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

anticorruptionZKO 2017 M09 11
36
0
0
0

2017 жылдың 7 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Тасқала ауданы бойынша...

2017 жылдың 7 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Тасқала ауданы бойынша «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ БҚО бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» қызметкерлеріне арналған "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға және құқық қорғау органдарына алғаш орналасушы үміткерлерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына өтініш білдіруі бойынша түсіндіру жұмыстарынөткізді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметке және құқыққорғау қызметіне іріктеу тәртібі бойынша Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Н.Ильясов– «Халыққа қызмет көрсету орталығы» қызметкерлеріне"Б" корпусының лауазымына және құқыққорғау органдарына орналасушы үміткерлерге тестілеуге қатысу үшін тестілеу күніне дейін бір күнтізбелік күннен кешіктірмей іріктеу ерекшелігін айқындап түсіндірді. Кездесу барысында қатысушылардың мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасудың және құқық қорғау органдарына алғаш түсушілерді іріктеудің  кейбір  мәселелері туралы қойған сұрақтарына түсіндірме берілді.

 

Оцените пост

0