место в рейтинге
  • 280838
  • 218
  • 41
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Көшпенділер өркениетінің жоқшысы

Советтік идеологияның бір ерекшелігі – ұлтты ұлттың өзіне қарсы қою. Міне, соның кесірінен өз тарихын өзі жатсыну, өткеніне де, болашағына да күмәнмен қарау көңіл-күйі қалыптасқан

ХХ ғасырдың 80-жылдарына дейін әлемдік ақыл-ой кеңістігінде көшпенділер өркениеті деген сөз ауызға алынбайтын. Көшпенділер тарихына еуроцентристік немесе азиялық центристік көзқараспен баға берілді. Еуропа мен Азия тарихын түбірінен өзгерткен ғұндар мен кейінгі түріктердің, монғолдардың тарихы туралы бір жақтылы қасаң көзқарастар ғылымда үстемдік құрып келді. Бақсақ, мейлі ғұн, мейлі түрік, мейлі монғолдар болсын, бәрі де жер бетіне көшпелі өркениеттің ұрығын сепкен, ұлан-ғайыр мәдени кеңістіктерді бір-бірімен жалғаушы, жаңалықтарды жеткізуші болған екен. Онымен қоймай, көшпенділер отырықшы өркениеттер аймағына құлашын кең жайған ірі мемлекеттерді, империяларды құру дәстүрін қалдырып кетті. Ғұндардың әсерінен Қытайдағы, Еуропадағы ұсақ бектіктер (князьдіктер) бірікті. Бірігіп аса қуатты, құлашын кеңге жайған іргелі мемлекеттер құрды. Егер атты ұлттардың соққысы болмағанда ол елдер көпке дейін жайбарақат күйі жатар еді. Тұтас адамзат өркениетінің аяқалысы талай ғасырға кешеуілдер еді. Осы ойлар, пікірлер бізге Л. Гумилев еңбектерін оқу арқылы келді. Ол тұтас адамзат тарихын бір-бірінен бөлек алып қарамай, оған бір тұтас органикалық тұлға ретінде қарады. Тарихтың өз келбеті де солай. Тарих үшін бүгінгі мемлекеттер, шекаралар, этностар шартты ұғым. Ол тарихи дамудың нәтижесі. Тарихта Еуропа елдерінің шекарасының талай рет өзгеруі соны дәлелдейді. Азия да солай. Бұрындары Азия бір тұтас болған. Өркениеттер бірін-бірі жатырқамаған. Сол себептен, Азия даласынан тарихтағы түрлі өркениеттердің, діндердің ізі байқалады. Соның ішінде Қытай өркениеті деген өркениет бар. Сырттан келген өркениеттер туралы сөз болғанда ол тіптен сіңіргіш, бірақ қарсылық қуаты өте жоғары өркениет. Бір қызығы теңіз жолы дамымай тұрған ерте және ортағасырларда Үнді, Араб, Парсы және Еуропа өркениеттері Қытайға Орта Азия арқылы жеткен. Орта Азия Шығыс пен Батыстың арасында өткізгіштік рөл ойнай отырып, өзі де сол өркениеттердің әсеріне ұшыраған. Демек, ортазиялық өркениет Шығыс-батыс өркениетінің жергілікті өркениетпен синтезі арқылы қалыптасқан өркениет. Ол оңтүстіктегі ислам-будда мәдениеті мен солтүстіктегі православия мәдениетінің, дәстүрлі шығыс мәдениеті мен еуропалық мәдениеттің, көшпелі мәдениет пен отырықшы мәдениеттің түйіскен тұсы. Мұнда тарихта тәңірлік, будда, манихэй, зоорастризм, несториан, ислам секілді түлі діндер брінің ізін бірі баса, қатарласа дамыған. Дүниежүзінің ешбір жерінде мұндай өркениет қалыптаспаған. Өйткені бұл белгілі мағынадан жағрапиялық шарт-жағдайға да байланысты. Көшпенділер осынау байтақ кеңістіктің тарихын ат тұяғымен жазды. Ол тарихты Л. Гумилевтен бұрын бәзбіреулер білсе де білмегенге сайып жылы жауып келді.

1893 жылы Дат ғалымы В. Томсен Орхон даласынан табылған көне түркі ескерткіштерінің бетіндегі руникалық жазулардың сырын ашқаннан кейін де Батыс әлемі, кеңестік түркология бұл ұлы жаңалықты жылы жауып қойды. Советтік түркология түркі халықтарының тарихын зерттеудің орнына түркі халықтарының тілін зерттеуге көбірек көңіл бөлетін. Өйткені түркі халықтарының көне тарихын зерттеу олардың ұлттық санасының оянуына қызмет етуі бек мүмкін еді. Олар үшін далалық бұратана халықтардың тарихы түк емес болатын. Дәл осындай кезеңде орыс халқының ұлы перзенті Л.Н. Гумилев өз бетімен ертеде даланы мекендеген түркі-монғол халықтарының тарихын зерттеуге кірісті. Өз өмірінің соңында ұлы ғалым «менің өмірімнің мәні...мен шын жүрегіммен сүйген Еуразияның көшпенді халқының атақ-даңқын шығару болды»», – деді. 1992 жылы ол тағы да «олардың (еуразияшылдардың) сағаты енді соқты»-деді. Батыстық А.Тойнби, О.Шпенглер секілді еуроцентристерге қарсы Л. Гумилев өзінің ғылыми ойларымен, кең масштабты пікірлерімен жауап берді. Ол көшпенді халықтардың өркениеті 3 мың жылдық шығармашылық дамуды бастан кешкенін атап өтті. «Көшпенді қоғамда техникалық үдеріс болмаған деп ойлау ақылға симайды. Көшпенділер, оның ішінде ғұндар мен түріктер де бар, өз кезінде аса маңызы бар заттарды ойлап тапты. Ең алғашқы шалбарлар өте ерте заманда көшпенділер қолымен тігілді. Үзеңгі де Орта Азия даласында 200-400 жылдар аралығында пайда болды. Ең алғаш көшпенділер қолымен шабылған арбалар теңдерді қою арқылы таулы аймақтарда, ну жынысты шатқалдарда жүруге мүмкіндік берді. Жебесі 700 метрге зулайтын садақтар мен қайқы қылыштарды да көшпенділер ойлап тапты. Қылаяғы дөп-дөңгелек киіз үйлер де сол заманның ең ыңғайлы тұрақты мекені болып табылатын», – дейді. Л. Гумилев айтқандай, археологиялық және жазба деректер көшпенділердің Алтайда, Арқада, Монғолияда, Ерен-қабырғада және Жетісуда теміршілікпен шұғылданғанын, олардың қалалары және отырықшы мәдениеті болғанын дәлелдейді. Тағы бір мәселе: «Халықтың тарихқа қосқан үлесі оның санына байланысты болмайды...сол себептен, саны аз монғол және қалмақ халықтары Еуропа мәдениеті үшін өте көп нәрсе жасады деп есептеймін. Бүгінде жұрттың көбі ұмытып барады, ал шынында еуропалықтарды елшілердің қауіпсіздігін сақтауға үйреткен, еуропалықтардың әдет-ғұрпына дипломатиялық қолсұқпаушылықты енгізген нақ осы монғолдардың жорығы болды. Осы үшін де бүкіл әлемнің дипломаттары бірігіп Шыңғысханға үлкен ескерткіш тұрғызуы тиіс. Шыңғысханға дейін елшілердің өміріне ұдайы қауіп-қатер төніп тұрды», – дейді. Шын мәнінде, көне ғұндар мен түркітер қытайларға шалбар киюді үйретті. Одан бұрын Орта жазықтағы қытайлар кенеп жамылғымен ғана жүретін. Л. Гумилев осы шалбар жайында айта келіп, Римдіктер шалбарсыз, тоға(жеңсіз ұзын жамылғы) киіп жүрді; көне гректер мантия (ұзын шапан) киіп жүрген жоқ, кең мата шүберекке оранып жүрді. Ал атқа салт мінетін ғұндар, түріктер мен монғолдар Еуропа мәдениетіне шалбар киюді енгізді дейді. Басқа басқа, дәл ғұндардың қытайларға шалбар киюді үйреткенін қытай ғалымдары мойындайды. Қарап отырсақ, ғұндардың қытай өркениетіне қосқан үлесі мұнымен ғана өлшенбейді. Әу бастан, ғұндар қытай топырағында қуатты бірлікке келген мемлекеттің құрылуына себепші болды. Егер солтүстіктен төнген ғұндардың қысымы болмағанда чуньцю-чанго дәуіріндегі жеті бектік бір мемлекет болып бірігуі екіталай болатын. Тағы бір мысал, осы бірігудің нәтижесінде солтүстікте ғұндардан қорғанатын Ұлы қамал салынды. Оның құрылысы мың жылға созылды. Ғұндардан соң түріктер, сянбилер, монғолдар және жүржіттер оның жалғасты салынуына әсер етті. Егер көшпенділерден қорғану қажеттілігі болмағанда, аталмыш қорған да тұрғызылмаған болар еді. Солтүстіктегі атты көшпенділер отырықшы жұртқа ат үстінде соғысу өнерін үйретті. Дүниежүзіне әйгілі ат спорт ойындарының түрлері көшпенділерден тараған. Мысалы, ғұндар мен түріктердің ат үстінен ойнайтын шәуген доп ойыны VI-VII ғасырларда алдымен Қытайға, сосын Еуропаға таралған. Ат жарысы, көкпар ойыны қатарлы ойындар туралы да соны айтуға болады.

Жоғарыдағы ойларын айта отырып Гумилев қандайда бір ұлттың өркениет көшіне қосқан үлесін арнайы бағалаудан бас тартады. «Бағаны жалпы уақытқа қатысты, заманға қатысты беру жарасымды бола қоймайды. Тегінде бағалау біздің ісіміз емес, біздің ісіміз-бейнелеп түсіндіріп, жүйелеп баяндау, мазмұндап, хаттау. Халықтардың мәдениетін, қызметін, шығармашылығын, қаһармандығын және басқа да осындай өзіндік өрнекті сипаттарын қандай да бір материалдық есептеулер білдіре алмайды», – дейді ол. Бірақ кей этностардың ерте, кей этностардың кеш қалыптасуы табиғи құблыс. Финикиялықтар бір кезде болды, ал бүгінде олар жоқ.

Толығырақ оқу...

18 февраля 2016, 10:00
649

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

«До какой же еще степени унижения должен дойти народ?!»

«До какой же еще степени унижения должен дойти народ?!»

Министерство труда и соцзащиты провело через парламент очередной крайне неоднозначный закон, который может вызвать всплеск недовольства в стране.
openqazaqstan
15 нояб. 2017 / 11:17
  • 22303
  • 19
«Почему я не хочу встречаться с мужчинами-казахами»

«Почему я не хочу встречаться с мужчинами-казахами»

Заранее отпишусь, данный пост не является попыткой оскорбить собственную нацию) Как говорится о вкусах не спорят, каждому свое.
Bonittta
16 нояб. 2017 / 14:28
  • 11359
  • 337
Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Подтверждаются худшие предположения, циркулирующие в соцсетях. Периодические исчезновения детей в разных регионах Казахстана объясняются не только семейными проблемами и «синими китами».
openqazaqstan
16 нояб. 2017 / 15:46
  • 5490
  • 54
Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Как сообщает телеканал КТК, только за последние девять месяцев Казахстан покинули 28200 человек, из них почти пять тысяч инженеров, около 2700 экономистов и 1700 учителей.
openqazaqstan
вчера / 11:00
  • 4867
  • 38
«Думай как британец»: 8 вещей, которым я научилась в Великобритании

«Думай как британец»: 8 вещей, которым я научилась в Великобритании

Как два года в Великобритании изменили мою жизнь. Несколько простых вещей, которые могли бы сделать нашу жизнь лучше.
goribaldi
13 нояб. 2017 / 16:51
  • 3950
  • 28
Мой личный рейтинг женщин: от пуританки до содержанки

Мой личный рейтинг женщин: от пуританки до содержанки

Сегодня предлагаю вашему вниманию мой личный рейтинг женщин. А вот я хочу быть домохозяйкой, правда, не пахать дома, а хозяйничать.
Mysli_v_Sluh
13 нояб. 2017 / 15:00
Российским женщинам нужны казахстанские мужчины?

Российским женщинам нужны казахстанские мужчины?

Отдельные инициативы некоторых российских чиновников вызывают в Казнете приступы просто-таки гомерического ржача. Женщин в регионе – пруд пруди, а вот мужчин, с которыми они могли бы создать семьи, не хватает.
openqazaqstan
14 нояб. 2017 / 15:55
  • 2485
  • 18
Поездка на заработки в Южную Корею: пройти таможню и не стать персоной нон грата

Поездка на заработки в Южную Корею: пройти таможню и не стать персоной нон грата

Между нашими странами действует безвизовый туристический режим до 30 дней. Но на таможне не "туристов" разворачивают назад с пожизненным запретом во въезд в их страну. Однако пройти паспортный контроль вполне возможно.
Krykbayeva
12 нояб. 2017 / 14:38
  • 2722
  • 46
Система госинститутов Казахстана напоминает очень дорогое казино

Система госинститутов Казахстана напоминает очень дорогое казино

Сегодня в прессу просочились детали скандальной сделки ЕНПФ с «мусорными» облигациями ТОО «Бузгул Аурум», о которой уже подробно рассказывалось в начале года.
openqazaqstan
15 нояб. 2017 / 16:13
  • 2985
  • 21