место в рейтинге
  • 89862
  • 291
  • 74
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Алғашқы оразам... еріксіз күлкі сыйлайды

Ертай Нүсіпжановтың есімі қазақ журналистикасында "Аламан айтыс" тележобасымен қатар айтылады. Радио мен телевидение саласында бірнеше жыл қызмет еткен ол қазір Қытайдың "Солтүстік-Шығыс" университетінің магистратурасында білім алуда. Ертайды бес сауалдың қонағы болуға шақырып, Қытайда ораза ұстаудың қызықтарымен бөлісуін өтінген едік.

- Өміріңдегі ең алғашқы Оразаны ойлағанда есіңе бірінші кезекте не түседі? Неге?

- Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдары халықта ораза, намаз туралы түсінік қазіргіден әлдеқайда таяз еді ғой. Ол кезде біздің ауылда ораза тұтқан адамға аңтарыла қарайтын. Себебі ораза тұту біз үшін расымен де бір жаңалық болатын. Мен де сол тұста, шамамен бесінші сынып оқып жүрген уағымда алғашқы оразамды тұтыппын. Бірақ сол шақты ойласам, қазір еріксіз күлемін. Өйткені ораза туралы тек күндіз нәр татпай жүруден басқа ештеңе білмейтінмін.

Біздің үйдегілер де онша білмейді. Ораза ұстаймын дегенімді естіген үлкен кісілер, әсіресе анам, онша құп көрмеді. Өйткені денсаулығымның аш жүруді көтере алатындай қауқары жоғын менен гөрі анам жақсырақ білетін. Алайда сол уақыттағы көкірекке қонған иман сәулесі ғана болар, әйтеуір ол кісілерді көндірді. Сөйтіп әпкем екеуміз үйдегілерден алғышқылар болып ауыз бекіттік.

Осы үлкен кісілердің осындайынан айналасың ғой. Анамның айтқанындай-ақ сол жолғы оразамның ғұмыры үш күннен, ал менен үш жас үлкен әпкемнің оразасы бір аптадан әрі аспады. Бірақ сол кезде өзімді кінәлі сезінгеніммен, қазір оған өкінбеймін. Өйткені әр істің басы болатыны секілді, ол да менің оразаға деген ниетімнің өлшемін білдіреді деп ойлаймын. Аз да болса, бала жүректе ақиқатқа деген бір ынтық сезімнің болғанына тәубе қыламын. Егер сол уақытта бетімнен қайтып қалсам, бәлкім иман отының тұтануына жол берген болар ма едім?! Бәрі де Алланың қалауы.

- Егер ертең Оразаның алғашқы (немесе соңғы) күні болатын болса, бүгін не істер едің?

- Расы керек, бұл жайында ойланбаппын. Егер ол туралы ойланған болсам, бәлкім иман сатысының тағы бір баспалдағына көтерілгендей болар ма едім?!.. Мен он жылдан аса қатарынан ораза тұтып келе жатырмын. Бірақ ораза туралы қағидалар мен шарттарды және оразаның қасиеті жайлық толық біліп болдым деп айта алмаймын. Себебі ораза мәселесі көтерілгенде жылда өзім үшін жаңалық болатындай оразаның бір қырын байқаймын. Осыған дейін білмеген немесе орындамаған шарттарын жолықтырамын. Осыған дейінгі оразада жіберген қателіктерді қайталамай және оразаның орнын тозаңдай болсын жақсылығымен толықтырып отырудың өзі мен үшін алға жылжу болып саналады. Ал әзірге оразаның алғашқы немесе соңғы күні туралы ойланғанда, өкініштісі жүрегімнен өзгеше сезімді байқамаймын.

- Оразаны ұстау барысында басыңнан өткен қандай да бір қызықты оқиғамен бөліссең?

- Жақында ғана сол алғашқы оразаны ұстаған әпкеммен телефон арқылы сөйлесіп, сол шақтағы қызықтарды айтып, әбден күлгеніміз бар. Негізі әр ораза сайын бала күнгі қылықтарымызды айтып еске алып отырамыз...

Ол кез қақаған қысқа тап келді. Қаңтардың бет қаритын суық күндері болатын. Ауылда тұрамыз. Ол кезде үкімет электр қуатын үнемдейміз деп түнгі он екіден таңғы сағат алты, жетілерге дейін жарық атаулыны тұтас сөндіріп тастайтын. Ел-жұрт шырт ұйқыда. Кейбір көршілердің таң сәресіне тұрған-тұрмағанын үйлерінің терезесінде жанатын шырақтарынан түгендейтінбіз. Ол кезде газ да жоқ. Сол үшін сәресінен кемінде бір сағат бұрын тұрып от жағамыз. Ол сәл жылыған соң дәрет алуға кезекпен барамыз. Біздің жақта қар ерекше қалың жауады. Аяққа ілінгенді «дырылдатып» сүйретіп, үй ауласынан біраз алыста тұрған дәретханаға бет аламыз. Тас қараңғыда жүрудің өзі ерлік. Қойшы, әйтеуір оған да жетесің. Сөйтіп, таңғы аязда сыртқа барып дәрет алудың азабын көрдік. Бір күні сол жолда тайғанап жығылып, су-муыммен екі аяқты көктен келтіріп құладым. Оңбай құлап, бүйткен оразасы құрысын деп жылағаным есімде. Одан бұған дейін таң бозында төсектен бас көтеріп көрмеген екеуміз үндемей отырып, апыл-ғұпыл ауыз бекітеміз... Сөйткен күндер қазір қызығымен артта қалды...

- Ең жақын досың Ораза ұстағысы келмей сылтау айтып жүрген болса, яки теріс жолға түсіп бара жатса, қандай шара қолданасың?

- Мұндағы (Қытайдағы) кейбір қазақтар арасында оразаның алғашқы, орта тұсы және соңында үш күннен тоғыз күн ұстаса болады деген түсінік әлі бар. Өткенде бір бауырыммен хабарласып оразамен құттықтасам: "Мен ауылда күннің ыстығында шөп шауып жүрмін. Ораза ұстау мүмкін емес" деген себептерін айтты. Мен оған «Сен оразадан жалтаратын ауыр аяқсың ба, жоқ аурусың ба?..» деп біраз намысына тиіп сөйледім. Бірақ артынан «расында сондай ауыр жұмыспен айналысатындар қайтеді екен» деп өзім де ойланып қалдым. Бірден әкем есіме оралды. Ол кісіге де: «Әке ораза тұтыңыз» десек, сондай ауыр жұмыстарды себеп қылатын. Оразаның өз берекеті барын білмек те, адам өз басынан ондай қиындықты өткермеген соң, кейде ақыл айтқыштау болып кетеміз ғой. Сондықтан, сол жайды ескере отырып аузым буылып қалады... Ал енді қалалық жерде тұратын немесе қара жұмыс көрмеген бауырларымыздың сылтауы сылтау емес! Алла жүректерге иман берсін!...

- Оразаға орай Сені ауызашарға шақырып, соңынан бата тілесе, қандай бата берер едің?

- Алла тағала осының бәрін біз қинласын, азап шексін деп бермейді. Осындағы кейбір қытайлықтар бізге аянышпен қарайды. Оларға не дейсің?!... Сондықтан, Құдай тағаланың таудай-таудай сауаптармен көмкеріп қойған қасетті айында жасаған ізгі амалдар қабыл болсын! Жүрктерге Алланың құдіреті мен кереметін сезер тозаңдай иман тілер едім. Өйткені барлық бақыттың бастауы тек кәміл иманда. Адам иманымен ғана бақытты. Ендеше Алла біздерді жұмақ есігін ашар иман кілтімен сүйіншілегей! Әумин!

23 августа 2010, 18:40
1732

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

Инцидент с пьяным киргизским гостем на борту Air Astana, наверное, остался бы только во внутренних сводках авиакомпании, если бы г-н Доган, не поднял громкий крик о государственном языке.
openqazaqstan
17 авг. 2017 / 14:43
  • 12329
  • 178
Дайте Байбеку сломать и переделать город. Он хочет шагнуть вверх, а не бабло украсть

Дайте Байбеку сломать и переделать город. Он хочет шагнуть вверх, а не бабло украсть

Я в тогдашней Алма-Ате родился, вырос. В школу начал ходить пешком. Весь центр опползал. Все эти знаковые места помню как ещё не знаковые места. Никаких этих ностальгических страданий у меня нет.
Aidan_Karibzhanov
21 авг. 2017 / 16:25
  • 7978
  • 35
Байбек замахнулся на то, о чём давным-давно писали и говорили – «город для людей»

Байбек замахнулся на то, о чём давным-давно писали и говорили – «город для людей»

Какой «золотой квадрат»? Вам действительно это место кажется лучшим?! Вот когда Байбеку удастся воплотить в реальность скверы и парки, тогда я буду согласен называть старый центр золотым квадратом.
openqazaqstan
вчера / 16:53
  • 3796
  • 47
Подземная Акмечеть Бекет-Ата в Атырауской области – одно из самых сакральных мест

Подземная Акмечеть Бекет-Ата в Атырауской области – одно из самых сакральных мест

Его отцом был Мырзагул, матерью Жания, оба глубоко верующие. По рассказам, Бекет-Ата обладал богатырской силой, что в том числе помогало выбивать мечети в крепких скалах.
theYakov
21 авг. 2017 / 17:21
  • 3488
  • 3
Имеющий уши да услышит. Латиница касается только казахского языка

Имеющий уши да услышит. Латиница касается только казахского языка

Президент Назарбаев наконец-то разъяснил для всех, кто ещё не понял, очевидный вопрос, который всем в Казахстане очевиден. Елбасы повторил: на латиницу мы переводим казахский язык, и это не означает отказ от русского языка.
openqazaqstan
18 авг. 2017 / 16:23
  • 3593
  • 52
«Нас и здесь неплохо кормят», или почему я не собираюсь уезжать из Казахстана

«Нас и здесь неплохо кормят», или почему я не собираюсь уезжать из Казахстана

Я всегда теряюсь, когда слышу этот вопрос, потому что я так и не сумел выразить причину одной фразой. Давайте рассмотрим популярные варианты, и я объясню, что именно мне в них не нравится.
convoluted
21 авг. 2017 / 12:29
Казахский язык выбирает алфавит, который считает необходимым. Дело не в латинице

Казахский язык выбирает алфавит, который считает необходимым. Дело не в латинице

У русскоязычных казахов два варианта, один - срочно отдавать детей в казахские школы, если видят их будущее в стране. Русскоязычным неказахам ещё меньше выбора. Надо становиться казахами.
Aidan_Karibzhanov
22 авг. 2017 / 18:08
  • 2640
  • 60
Надо научиться видеть скрытые экономические процессы за вспышкой национального гнева

Надо научиться видеть скрытые экономические процессы за вспышкой национального гнева

При полном отсутствии бюджетного жилищного строительства, целые аулы оседают в ветхих домишках, сквозь заборы которых насмешливо возвышаются башни "коктемов", "риц карлтонов" и "есентаев".
niyazov
19 авг. 2017 / 11:16
  • 2639
  • 68
В Кокшетау строят два парка для молодёжи. Будут учтены интересы и любителей спорта

В Кокшетау строят два парка для молодёжи. Будут учтены интересы и любителей спорта

Общая площадь парка составляет 25 гектаров. На территории предусмотрено устройство прогулочных дорожек, площадок для установки аттракционов и павильонов различного назначения, цветников.
zhasakmola
17 авг. 2017 / 17:13
  • 2231
  • 1