Электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы төлемдер сомасы 2015 жылы 10 млрд.теңгені құрады

2015 жылы Қазақстанның электрондық үкімет инфрақұрылымы арқылы 36 миллионнан астам қызмет көрсетілді. Қазақстандықтар көбінесе мекенжай анықтамасын жиі алады – 1 қаңтардан бастап 19 млн.-нан астам аны

2015 жылы Қазақстанның электрондық үкімет инфрақұрылымы арқылы 36 миллионнан астам қызмет көрсетілді. Қазақстандықтар көбінесе мекенжай анықтамасын жиі алады – 1 қаңтардан бастап 19 млн.-нан астам анықтама алынды, келесі орында – зейнетақы аударымдары және жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтамалар – әр қайсысы 3,2 млн.-нан астам рет алынды. Бұдан басқа, 3 млн.-нан артық жылжымайтын мүліктің бар немесе жоғы туралы анықтама және 1,8 млн.-нан артық соттылықтың болмауы туралы анықтама берілді. Жалпы eGov порталының іске қосылу сәтінен бастап 117 млн.-нан астам электрондық қызмет көрсетілді.

Электрондық лицензиялау порталы арқылы осы жылда 450 мыңнан артық рұқсат құжаты және 24 мың лицензия берілді. Жиі берілетін құжаттар қатарында: біліктілік санаты берілген/берілмеген маман сертификаты – 74 мың, радиожиілік спектрін қолдану арқылы құрылғыны қолдануға рұқсат – 62 мыңнан астам, жерге орналастыру жобаларын бекіту – 41 мыңнан астам.

«2015 жылы ел тұрғындары онлайн-төлем мүмкіндіктерін де белсенді қолданды. Осылайша, электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы 10 млрд. теңгеге жуық төлем жасалды. Атап өту керек, бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда 3 есе артық – 2014 жылы төлемдер сомасы 3 млрд. теңгені құрады», - деп ҚР ИДМ вице-министрі Сәкен Сәрсенов атап өтті.

Төлемдердің көп бөлігі осы жылы жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұлды төлеуге тиесілі болды – 7,4 млрд.теңге. 700 млн. теңгеге жуық мемлекеттік алым үшін төленді, 400 млн.-нан астам теңге салық төлемдерін құрады.

2015 жылы eGov порталы мен мобильдік қосымшасында «Бір шертуден төлем» сервисі іске қосылды. Сервис төлем картаның деректерін қайта енгізбей бюджетке төлемдерді жасауға мүмкіндік береді.

Қазақстандықтар  eGov мобильдік қосымшасын өз құрылғыларына 230 мыңнан аса рет жүктеді. Қосымшаның іске қосылған сәтінен бастап оның көмегімен 1,5 млн.-нан аса қызмет көрсетілді. Ең танымал мобильдік мемлекеттік қызметтерге техникалық байқау мерзімін тексеру, баланың балабақшаға кезек нөмірі мен мемлекеттік тұрғын-үй қорынан баспанаға кезек нөмірін қарау кіреді.

Мобильдік үкіметтің даму аясында 22 жаңа қызмет қосылды, SMS және USSD сервистер қосылды. Қыркүйектен бастап SIM-картадағы мобильдік электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) беру басталды. Қазіргі таңда бұл мүмкіндік Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Петропавл қалаларында «Алтел» АҚ абоненттеріне қолжетімді. Техникалық байқауға байланысты қызмет басқа өңірлерде және басқа мобильдік операторларымен көрсетілетін болады.

Сонымен қатар Сәкен Сәрсеновтың сөзінше, жақын арада eGov порталында 20 жаңа қызмет пен сервис қолжетімді болады. Оның ішінде «Бизнестің жол картасы 2020» бірыңғай бизнесті қолдау мен даму бағдарламасы аясында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің несиелері бойынша кепілдіктерді беру қызметі, 2020 жылға дейін өңірлердің даму бағдарламасы аясында  I және III топ азаматтарынан пәтер алуға өтініштерін қабылдау, балаларды асырап алуға ниет білдірген тұлғаларды тіркеу, әлеуметтік тәуекел жағдайына әлеуметтік төлемдерді тағайындау, жоғарғы оқу орындарында оқитындарға жатақхана беру және басқа да әлеуметтік маңызы бар қызметтер бар.

Заңды тұлғалар үшін жеке кабинет құрылды, онда заңды тұлға туралы мәліметтер, филиалдар туралы, басқа заңды тұлғаларға қатысу, жылжымайтын мүліктің бар немесе жоқ болуы туралы ақпарат орналасады. Жеке тұлғалар үшін жеке кабинет те жаңа мәліметтер мен хабарламалармен толықтырылады.

eGov-та «Азаматтың көмекшісі» жаңа компоненті пайда болады. Компонент азаматтың белгілі бір өмірлік жағдайдағы қажеттілігіне сәйкес оған әр түрлі сервистерді және керекті ақпаратты ұсынады.

Бұдан басқа, Қазақстанның ашық үкіметінің белсенді дамуы қарастырылған: «Ашық бюджет», «Ашық диалог» сияқты жаңа компоненттердің дамиды, сонымен қатар «Ашық деректер» порталының жаңа деректермен одан әрі толықтырып, «Ашық НҚА» - қоғамдық талқылау үшін нормативтік-құқықтық актілер жобасы дамитын болады.

 

Оцените пост

0