Перейти к содержимому
Обложка сообщества Qaz

Қазақстанды басқарамын деген қылмыскер

(На русском)

Соңғы кездері кейбір өздеріне "саясаттанушы" және "саясаткер" деп атақ қойып алған ылаңшылар "президентікке ең ылайықты адам - Әкежан Қажегелдин" деген пікір білдіруде. Тіпті, сол ылаңшылардың арасында өздерін тілші санайтын, бірақ шынында тілші емес, әйтеуір ырбындап, еліміздегі сындарлы саясатты кекетіп жүрген кездейсоқ арандатушылар да бар. Солардың айтуы бойынша - "Қажегелдин нақты саясаткер, еліміздің жанашыры, нағыз патриот" және тағы басқа теңеулер айтып әлек. Ал шындыққа келсек?

"Нағыз патриот" Әкежан Қажегелдин қазақстандық сот төрелігінен соңғы 16 жыл шет елде тығылып жүр - себебі ол қылмыскер. Ол өкілеттігін асыра қолдану, бопсалаушылық, көптеген миллион доллармен саналған пара алу, заңсыз түрде қару-жарақ алу, оны сақтау мен табыстау және салықтан жалтару қылмыстарында айыпталуда.

Енді нақты қылмыстық эпизодтарға көшейік.

1996-1997 жылдары Қажегелдин мырзаның арқасында Қазақстандағы металл бизнесінің талайын ағылшын және ресейлік қылмыстық топтар қолдарына алып үлгерді. Тұнықтықты жариялаған Қажегелдін керісінше ешкімге айтпай еліміздің стратегиялық саласын елге көрсетпей қылмыскерлерге бергенін Елбасымыз естіп, сол қылмыскерлерді көпке ұзатпай қуып жіберіп жағдайды уақытында қолға алып үлгерді. Ал кешегі серіктесі бір демде дұшпаны болып айналып шықты ("Business Week" және "Комерсант-Daily")

Тағы бір, одан әлдеқайда ертерек болған оқиға.

Бизнесмен Григорий Лучанскийдің айтуы бойынша, Әкежан Қажегелдин премьер-министр болған кезден "нарықтық" метод ретінде рэкетпен бопасаны қолдана бастады. Ол "Бесет Интернешнл" ұялы байланыс саласындағы Казақстандағы ең алғашқы компанияның акционерлерін "лицензияларыңды тартып аламын" деп қорқытқан кезде, Григорий Лучанский амалдың жоғынан қолма-қол 1 миллион доллар пара берген екен (Г. Лучанскийдің "Экспресс-К" газетіне берген сұхбатынан). Сол Лучанскийдің айтуы бойынша АҚШтық Wall Street Journal баспасында мынандай ақпарат шыққан: 1997 жылы Әкежан Қажегелдиннің Нью-Йорктегі нөмірлі шоттарға туыстарының атына америкалық АМОСО компаниясынан 62 миллион доллар пара алып үлгерген.

Газета.Рудың айтуы бойнша 1996 жылы Әкежан Қажегелдин құны 2 миллион 937 мың долларға тең шетелдік жылжымайтын мүлікпен автомобильдерін пара ретінде алыпты. Бельгия әмірлігінін Род-Сент-Женезінде уй және Ватерлоода вилла салуға арналған жер алған еді.

Ал енді халықаралық қылмыстарының ең ірісіне келсек - ол барлығымызға белгілі 1996 жылы Солтүстік Кореяға заңсыз түрде МиГ жойғыштарын сатуы.

Осы қылмыскер қылмыстары белгілі болған кезде ақ өзін "оппозиционер" атап, елді жаңылыстырмақшы болды. Соңғы кездері, ел қылмыстарын ұмытты дейді ме, кім білсін, белсенді түрде мақалалар жазып, жемдеген саясатшылдар мен "тілшілер" арқылы елдің өзіне деген пікірін ағартпақшы болып әлек.

Айтпақшы, оның "оптимизацияландыру" саясаты үшін Семеймен мемлекетіміздің басқа өңірлерінің халқы, олардың ішінде аудын орталығы деген мәртебесінен айырылып қалып депрессивті аймақ болып кеткен елді мекендердің халқы әлі күнге дейін Қажегелдин мырзаны ауыздарынан тастамай, керек десе ол мырзаны өздері ақ биікке көтереді - ашаларына шәншіп.

Не болса да, басты сұрақ - Қажегелдин мырза шынымен халықтын жанашыры болса, кінәсіз құдаланған жан болса, неге әліде халықаралық полиция Интерполдың базасында тіркеліп тұр?

-4
2
1026

Еще по теме

Қазақстанды басқарамын деген қылмыскер - Yvision.kz