«2014 жылдың қорытындысы бойынша Маңғыстау дирекциясының коммерциялық директоры филиалдар арасында ең үздік коммерциялық директор атанды»

yuliya1987 2015-5-14 22:35
300
0
2
0

Ағымдағы жылдың  13 сәуірінде Райхан Уразова "Қазақтелеком" АҚ филиалдары арасында 2014 жылдың қорытындысы бойынша ең үздік коммерциялық директор атанды.   Маңғыстау дирекциясының коммерциялық...

Ағымдағы жылдың  13 сәуірінде Райхан Уразова "Қазақтелеком" АҚ филиалдары арасында 2014 жылдың қорытындысы бойынша ең үздік коммерциялық директор атанды.

 

Маңғыстау дирекциясының коммерциялық бөлімінің барлық қойылған мақсаттарын  орындауы, кәсіби үлесі мен жетістіктері, оның қарамағындағы коммерциялық бөлімшелерді шебер басқаруы «Қазақтелеком» АҚ-ның басшылығының тарапынан бағаланды. «2014 жыл қорытындысы бойынша Үздік коммерциялық директор» дипломына ие бола отырып, Райхан Уразова «Бұл диплом тек менің еңбегім емес, сондай-ақ біздің барлық қызметкерлеріміздің еңбегі! Үлкен рахмет», - деп Маңғыстау дирекциясының ұжымына бөлімшелердің  үйлесімді жұмысы үшін үлкен алғысын жариялады.

Райхан Бисенбіқызы Уразова 2012 жылдан Маңғыстау дирекциясында коммерциялық директор қызметін атқарады, оның «Қазақтелеком» АҚ коммерциялық бағытында қызмет етіп келе жатқанына 15 жыл болды. Осы уақыт аралығында Р. Уразова өз саласында кәсіби маман, жоғары біліктілік иегері ретінде, алдына қойылған міндеттерді орындауға креативті көзқараспен жол тауып, филиалдағы әріптестері арасында лайықты құрметке ие бола білді.


 

Оцените пост

2
Дальше