«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз»

Биржан Хайруллин 2015 M04 3
2428
0
20
0

  Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясында тұлғаны бала кезінен қазақстандық париотизм мен сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухына тәрбиелеу туралы...

 

Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясында тұлғаны бала кезінен қазақстандық париотизм мен сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухына тәрбиелеу туралы айтылған.

Осыған орай, жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО департаменті 2015 жылдың 3 сәуір күні  Орла қалалық №14 мектептің 9-11 сынып оқушыларына мектеп басшылығымен бірлесіп «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.

Шара барысында жемқорлық қоғамның дерті және онымен қоғам болып күресу керектігі жөнінде әңгіме қозғалды. Сонымен қатар Агенттіктің 1494 call-center орталығының жұмысы туралы бейне таспа көрсетіліп, арнайы дайндалған жадынамалар таратылды.

 

Оцените пост

19
Дальше