Шындық

Dinmukhamed Ziyadin 2010 M05 18
2368
0
2
0

Басталмақ - шындық. Басталғанның аяқталмағы да шындық. Бағаның берілері де шындық. Берілмей қоймасы да шындық. Ерте ме, кеш пе кез келген дүниенің  шырқау шегіне жетері де шындық. Бұдан соң құлдырау...

Басталмақ - шындық.

Басталғанның аяқталмағы да шындық.

Бағаның берілері де шындық.

Берілмей қоймасы да шындық.

Ерте ме, кеш пе кез келген дүниенің  шырқау шегіне жетері де шындық.

Бұдан соң құлдырау болатыны да шындық.

Адам өзіне қарамаса я ақылы ауысады, я тәні жарамсыз дүниеге айналады. Бұл да шындық.

Мұндай адам бар, ол да шындық.

Және олар көп, бұл да шындық.

"Алыстап кеттің, қарғам-ау"...

Шындық дегеніміз арман.

Бірақ, арман шындық емес.

Нағыз ақиқат ылғи да кешігіп жүреді.

Ондай ақиқаттың бізге керегі жоқ.

Бізден басқа да әлемдер, ол шындық.

Менің сөзіме қосыла қоймайтындар бар, ол шындық.

Олардікі де шындық.

Менікі де шындық.

Шындық өтірік сияқты - оның да неше түрі болады.

Нағыз шындық, ол сенімге ие болған ақиқат сөз немесе іс-әрекет, тек оны өтірікпен шатастырмаса болғаны.

Шындық дегеніміз кейде өтірік.

Мәңгілік тек ҚҰДАЙ ғана.

ҚҰДАЙДЫҢ шыны ғана нағыз шын.

Қалғанның бәрі салыстырмалы дүние.

Бұл да шындық.

 

Оцените пост

2