«ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» (бұдан әрі — Стратегия) насихаттау бойынша дөңгелек үстел өтті.

Биржан Хайруллин 2015-1-26 05:40
1296
0
1
0

2015 жылдың 21 қаңтар күні (сәрсенбі) сағ. 11:00-де ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің ұйымдастырумен...

2015 жылдың 21 қаңтар күні (сәрсенбі) сағ. 11:00-де ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің ұйымдастырумен «Нұр Отан» партиясының БҚОФ-да «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» (бұдан әрі - Стратегия) насихаттау бойынша дөңгелек үстел өтті.
Шараға БҚО ішкі саясат басқармасы, БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасы, БҚО білім басқармасы, БҚО әкімдігінің «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығы» мекемелері басшылары және«Нұр Отан» партиясының БҚО филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі қоғамдық Кеңесі, «Қазақстан Журналистер Одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің БҚОФ, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық «ЖАҢАРУ» қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестіктің филиалы ұйымдарының жетекшілері қатынасты.
Дөңгелек үстел барысында Стратегия талқыланып, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері өз ұсыныстарын білдірді. Шара соңында Департамент мекемелер және ұйымдармен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қою рәсімі өтті.

Оцените пост

1