«Танк биатлоны — 2014» үшін үздік экипаждар

МО РК 2014 M04 16
432
0
0
0

2014 жылғы 23-24 сәуірде 10810 әскери бөлімінің (Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласы) «Майлин» полигонында ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің «Танк биатлоны-2014» жарысы өтеді. Іс-шараның...

2014 жылғы 23-24 сәуірде 10810 әскери бөлімінің (Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласы) «Майлин» полигонында ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің «Танк биатлоны-2014» жарысы өтеді.

Іс-шараның қорытындысы бойынша «Танк биатлоны-2014» халықаралық чемпионатына қатысу үшін ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің үздік танк экипажы анықталатын болады.

Жарысқа «Оңтүстік», «Шығыс», «Батыс» өңірлік қолбасшылықтары мен ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлерінен 12 танк экипажы қатысады.

Экипаждар Т-72 танкісімен 4 шақырымдық айналымды 3 рет жүріп өтіп, барлығы 12 шақырым қашықтықта дербес жарысқа түседі. Оның бірінші айналымын танкілік калашников пулеметінен ату, екінші айналымын зенитті пулеметтен ату және үшінші айналымын 125 мм танкілік зеңбіректен ату құрайды.

Жарыс шеңберінде танктер су кедергісінен, «жауынгерлік көпірден», сондай-ақ бірнеше жылдамдықты қажет ететін учаскелерден кедергілер арқылы жүріп өтуі керек.

Жарыс барысында жеке құрам мен экипаждардың мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қорғау сияқты негізгі тапсырмаларды орындауға даярлығы бағаланады.

 

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Оцените пост

0