Шымкентте теннистен халықаралық екі турнир өтуде

Kazsport agent 2014 M04 15
150
0
0
0

Жарыстар ITF Women’s және Men’s Futures деңгейінде және әрқайсысының жүлде қоры 10 000 АҚШ долларын құрайды. Мұнда Қазақстан, Ресей, Испания, Болгария, Австралия, Сербия, Өзбекстан, Словакия...

Жарыстар ITF Women’s және Men’s Futures деңгейінде және әрқайсысының жүлде қоры 10 000 АҚШ долларын құрайды.

Мұнда Қазақстан, Ресей, Испания, Болгария, Австралия, Сербия, Өзбекстан, Словакия, Грузия, Молдова, Эстония, Беларусь және Қырғызстаннан барлығы 112 спортшы өнер көрсетуде. Турнир Халықаралық теннис федерациясының күнтізбелік ойын тәртібіне сәйкес өтуде. Жүлдегерлер19сәуірде анықталады.

Диас Досқараев, ҚР Ұлттық құрамасының бас бапкері:

- Бұл жерде туған жылына қарамайды. Жасын қаншада болса да қатыса бересің. Сондықтан бізге, бапкерлерге, әрине өте маңызды, осындай жарыстар. Бізде жас балалар өсіп келе жатыр. Осы жарыстарда біздің жас қыздарымыз да бірінші рет қатысуда. Камила Болатова, Томирис Қошмұханова, осы Шымкент қаласынан жақсы қыз өсіп келе жатыр. Жанель Тұрарбек деген қызымыз жақсы өнер көрсетуде. Айта кететіні, Болат Мамыр, Сағадат Аяпов, Қуатбек Әбиев – солардың бәрі болашақта жақсы ойыншылар болып, үлкен кәсіби теннисшілер болады деп ойлаймын.

 

Оцените пост

0
Дальше